Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру мақсатында 2020 жылдың 10 ақпан күні Түркістан қаласы, №27 ІТ мектеп – лицейі КММ базасында жалпы білім беретін оқушылары арасында «Ұшқыр ой алаңы» атты республикалық дебаттық турнирдың облыстық кезеңі өткізілді.
Турнирдің мақсаты: жастардың бойында отаншылдық сезімін оятып, өзіндік азаматтық позициясының қалыптасуына ықпал ету.
Мақтаарал ауданының атынан «Мақтаарал мақтанышы» құрама командасы бақ сынады. Ойын тартысты өтті, команда спикерлері тыңғылықты дайындықпен келген, бір-бірін тыңдау, мәдениетті сөйлеу, көшбасшылық қабілеттері қалыптасқаны байқалды.
Ашық пікір, тартысты тұжырым жасаған «Мақтаарал мақтанышы» құрама командасы ІІ орын иеленіп, ұшқыр ойлы, жан-жақтылығымен Республикалық дебаттық турнирге жолдама алды. Облыстық дебаттық турнирден жеңімпаз болып келген оқушыларымызға Мақтаарал ауданының білім бөлімінің басшысы М.Серикбаев өз алғысын білдірді.
|