2020 жылдың 12 ақпан күні Мақтаарал ауданының білім бөлімінің ұйымдастыруымен, ел ағаларының демеушілігімен 5-11 сынып оқушылары аралығында робототехника және көркем еңбек пәніне шығармашылық қызығушылығын арттыруға, ұлттық құндылығын бағалауға, әлеуетін және ғылыми деңгейін дамыту мақсатында №4 С.Рахымов жалпы орта мектептің базасында «Жас дарын – 2020» байқауы болып өтті.
Байқауды Мақтаарал ауданының білім бөлімінің басшысы Серикбаев Мұратбек салтанатты түрде ашып, оқушыларға сәттілік тіледі. «Нұр отан» партиясының бірінші орынбасары Асабаев Дос, Мақтаарал ауданының сот төрағасы Мусаев Құнанбай, Мақтаарал ауданының қоғамдық кеңес төрағасы Мелдеханов Сейіткерім, әжелер кеңесінің төрайымы Құрбанбаева Шахзада және Мақтаарал баспана қызметкері Умиртасов Құттыбек қажы іс-шараға қатысып жатқан оқушыларға жүрекжарды ақ тілектерін білдірді.
Байқауға Робототехника бойынша 8 мектеп, көркем еңбек пәнінен 43 мектеп қатысты. Робототехника бойынша №17 Абай ЖОМ І орын, №4 С.Рахымов ЖОМ ІІ орын және № Қ.Сәтбаев ЖОМ ІІІ орын иеленді, көркем еңбек пәнінен №50 «Үлгілі» ЖОМ І орын, №2 Абылайхан ЖОМ ІІ орын және №1 «Мырзакент» МГ ІІІ орындарға ие болды. Білім бөлімінің басшысы М.Серикбаевтың тарапынан орын алған білім беру ұйымдарының оқушыларын алғыс хаттармен марапаттады. «Жас дарын – 2020» байқауында демеушілер Асабаев Дос, Мусаев Құнанбай және Умиртасов Құттыбек ағаларымыз тарпынан Робототехника бойынша қатысқан оқушыларға ынталандыру мақсатында 5000 теңге және көркем еңбек пәнінен қатысқан оқушыларға 2000 теңге көлемінде қаржылай сыйлықтар тарту етті. Мұндай іс-шаралар келешекте жоғарғы деңгейде ұйымдастырылып, оқушылардың өнерге деген қызығушылығын арттыруға септігін тигізеді деген сенімдеміз.
|