Түркістан облысы, Мақтаарал ауданы білім бөліміне қарасты жалпы білім беру ұйымдарында 2020 жыл 3 ақпаннан бастап «ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ: МАХАББАТ ПЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ПЕДАГОГИКАСЫ» атты дәстүрлі онкүндік өткізілуде. Онкүндікте:
• «Балаға жүрек жылуы» атты тақырыптық ашық сабақтар;
• Білім беру ұйымдары кітапханаларында «Өзін-өзі тану» адамгершілік рухани бағдарламасының авторы С.А.Назарбаеваның қызметі туралы оның ішінде автордың жазған кітаптары мен қазақстандық және әлемдік ойшылдардың, педагог-гуманистердің шығармаларының көрмесін ұйымдастыру;
• «Сүйіспеншілікпен өмір сүру» тақырыпты әңгімелермен әлеуметтік жобаларының презентациясын қорғау;
• «Алтын жүрек анамыз», «сердце, наполненное любовью» атты мәтінді мәнерлеп оқу байқаулар ұйымдастыру;
• «Руханилықтың мөлдір бұлағы» атты тақырыпты ана, мейірім, бейбітшілік және достық туралы балалардың шығармашылық жұмыстарының (суреттер, ашық хаттар, қолдан жасалған бұйымдар және т.б.) фестивалін көрмелерді және эссе конкурстарын ұйымдастыру;
• «Ән – көңілдің ажары» балалар арасында әндік фестивалдар мен конкурстар ұйымдастыру;
• Балаларды тарта отырып театрланған қойылымдар мен спектакльдер қою;
• «Қайырымдылық - жер бетінде!» атты флеш-моб өткізу;
• «Бәрі сүйіспеншіліктен басталады» концерттік бағдарламасын ұйымдастыру және т.б. іс-шаралар ұйымдастырылып, жоғары деңгейде өткізілуде.
|