2020 жылдың 12 ақпаны күні Шымкент қаласында М. Әуезов атындағы ОҚМУ-дың ұйымдастыруымен Д. И. Менделеевтің туылған күніне орай химия пәнінен 9-11 сынып оқушылары арасында дәстүрлі ІІІ облыстық Менделеев олимпиадасы өтті. Облыстық кезеңге аудандық кезеңнің жүлдегерлері С. Торайғыров атындағы жалпы орта мектебінің 9 сынып оқушысы Нәзірқұл Ақниет жүлделі ІІ орын, пән мұғалімі Самалдикова Ботакөз,Тұрымбет Алина Жамбыл атындағы жалпы орта мектебінің 9сынып оқушысы жүлделі І орын пән мұғалімі Турсинкулова Айгуль, Ерхан Қасиет Қ. Қайсенов атындағы жалпы орта мектебінің 10 сынып оқушысы жүлделі І орын, пән мұғалімі Бердибаева Шынар, Айтуреева Мерей «Мақтарал» МГ
10 сынып оқушысы Алғыс хатпен, пән мұғалімі А.Давронов, Кенжебаев Арсен , пән мұғалімі Ф. Артыкова «Мақтарал» МГ 11сынып оқушысы Алғыс хатпен марапатталды.
Химия ғылымының қыры мен сырын терең меңгерген оқушылар ауданымыздың мәртебесін биікке асқақтатты.
|