Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында мемлекеттік саясат негізінде ең алғаш рет «Әр баланың қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы жеке адамның дарындылығын таныту» сияқты өзекті мәселелер енгізіліп отырғаны белгілі. Дарынды балаларға білім беруді әр ғылымның бүгінгі дәрежесіне сәйкес жүргізу бір жағынан қоғамға талантты мамандар даярлауда тиімді болса, екінші жағынан қоғамға ерекше дарынды балалардың тек өзінің интеллектуалдық дамуын қамтамасыз етеді.Жас жеткіншектің бойындағы табиғат берген ерекше қабілетті, дарындылықты тани білу, оның одан әрі дамуына бағыт-бағдар бере білу ерекше қиын іс. Алайда әр баланың жеке қабілетін анықтап, оны сол бағытта жетелеу-ұстаз парызы болып саналады. Ақмола облысы Шучье қаласында 2020 жылы 27-29 қаңтар аралығында өткен республикалық «Зерде» балалар шығармашылық жобалары мен зерттеу жұмыстары 1-7 сынып оқушылары арасында конкурсы өтті. «Зерде» балалар шығармашылық конкурсына ауданымыздан 3 оқушысы қатысып жүлделі орындарға ие болды.Атап айтқанда «Мақтарал» МГ-ның 5 сынып оқушысы Хамзин Руслан Закирұлы орыс тілі секциясынан грамотаға, «Үлгілі» жалпы орта мектебінің 7сынып оқушылары робототехника секциясынан Мыңбосын Асылан 2 орындарға иеленіп қайтты. Баланы заманына қарай икемдеп, өз заманының озық өнегесін оның санасына сіңіре білу, оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту-бүгінгі күннің басты талабы. Жас дарындарға сәтті қадам, биік белес тілейміз.
|