Өркениеттілікке, жарқын, зайырлы қоғамға қол жеткізу үшін ақыл-есі бүтін кез-келген жас саналы тәрбие, сапалы білім алуы керек. Мұғалімнің қолында – адам тағдыры, болашақ ел тағдыры тұрады. Мұғалімнің қателесуге қақысы жоқ.
Мектептің абыройын аспандатып, жалпы бала тәрбиесіне, білім беру ісіне асқан құлшыныспен кірісіп, үнемі еңбектеніп жүретін Ұстаздарымыз.
2020 жылы 15 ақпан күні «Саралау тапсырмалары арқылы окушылардың білім сапасын арттыру» атты тақырыбында Х.Доспанова атындағы №16 жалпы орта мектебінде Мақтаарал ауданы білім бөлімінің әдіскері К.Утебаеваның жетекшілігімен, серіктес мектептердің оқыту үдерістеріне сабақты зерттеу және БЖБ және тапсырмаларын әзірлеу ерекшіліктері жайлы әдістемелік көмек берілді.Педагог қызметкерлердің кәсіби шеберлігін арттыру мен біліктілігі кеңейтіліп тәжірибелерін бөлісу мақсатында серіктес мектеп мұғалімдерімен бірлескен іс-шара өтті.Х.Доспанова атындағы № 16 жалпы орта мектебінің информатика пәнінің мұғалімі А.Пратаев, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғаліміА.Халбекова , тарих пәнінің мұғалімі Р.Байраханова өз деңгейінде зерттеу сабақтарын өтті.
|