№1 «Мырзакент» мектеп-гимназиясының базасында «Оқытудың инновациялық классификациясын қолданудың тиімділігі» тақырыбында жаратылыстану-математика бағытындағы пәндерінен аудандық тәжірибелік семинар ұйымдастырылды. Семинардың мақсаты оқытудың жаңа бағдарламасын енгізуде инновациялық әдістердің классификациясын қолдану арқылы тәжірибе алмасу. Химия,биология әдістемелік бірлестігінің мұғалімдері Н.Кундешова мен Д.Елжановалардың жаңаша идеямен ұйымдастырған «Қызықты химия», «Биология әлемі», «Жаңа технология заманындағы Қазақстан» атты әдістемелік және қолөнер көрмелері көпшілікті тәнті етті. Сонымен қатар, химия-биология пәндері бойынша Р.Ердешова, Р.Казиханова, Н.Саймның жетекшілігімен мектеп оқушылары өздерінің ғылыми-шығармашылық жұмыстарына таныстырылым жасады. Зертханашы мұғалімдердің көмегімен зертханалық түрлі тәжірибелер жасады. Бағдарламаға сәйкес тіршіліктің ғаламат құбылыстары мен қоршаған ортаның кереметтері жайлы ғылыми тұрғыдағы сахналық қойылым көрерменді тәнті етті. «Биология пәнін ағылшын тілінде оқытудың әдіс-тәсілдері» тақырыбында Қ.Есенбаева шеберлік сыныбын ұйымдастырып, аудан мұғалімдерімен өзінің шығармашылығымен бөлісті. Үш тілде жылдам, әрі тез орындау, терминдерді ағылшын тілінде жаттаудың оңтайлы жолдарының үлгілерін ұсынды. «Еріген заттың массалық үлесін табу» тақырыбында 8 «Г» сыныбында химия пәнін ағылшын тілінде С.Жанадилова ашық сабағын өтті. Сабақ өз мақсатына жетті. Сабақ барысында оқушылар ағылшын тілінде сөйлеумен ғана шектелмей, есептер шығарып, тәжірибе жасады. Жаңаша мазмұнда жаңартылған білім берудің тиімділігі мен оқутудың инновациялық классификациясын тиімді қолдана білді.
Информатика пәнін Д. Нурмаганбетов өзінің авторлық бағдарламасын ағылшын тілінде ұсынды, пән мұғалімі үштілде білім беруде терең тілдік білімі бар екендігін көрсетіп, әріптестерімен тәжірибесімен бөлісті. Сабақ барысында 9 сынып оқушысы Бибосынова Мереке ағылшын тілін терең меңгергендігімен ерекше көзге түсті.
«Мырзакент» мектеп-гимназиясында үштілде білім беруді іске асыру бағдарламасының жүйелі, жарқын көрінісі ұжымның ауызбіршілігі мен тың идеясы көпшіліктің ойынан шықты.
|