2020 жылы 26 ақпан күні Мақтаарал ауданының «Мақтаарал» мәдениет үйінде Түркістан облысы «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің жоспарына сәйкес Мақтаарал ауданында «Әкелер мектебі – тәрбие мектебі» әкелерге арналған облыстық семинар-кеңес өтілді. Семинарға Түркістан облысы «Ардагерлер кеңесі» төрағасының орынбасары, «Әкелер мектебі» кеңесінің төрағасы Төлебаев Кенжехан мырза қатысты. Мақтаарал ауданының білім бөлімінің басшысы Мұратбек Серикбаевтың идеясымен әрбір білім беру ұйымдарынан қолдау тапқан «Әкелер мектебі» аллеясы ашылуда. Соның бір айғағы №2 Абылайхан жалпы орта мектебінің директоры Б.Абилов пен «Әкелер мектебі» төрағасының ұйымдастыруындағы «Әкелер мектебі» аллеясына Төлебаев Кенжехан мырза және облыс көлеміне қарасты аудандардан келген ардагерлер кеңесінің төрағалары мен әкелер мектебінің төрағалары шырша отырғызып, өзінің жүректен шыққан жылы лебіздерін білдірді. Әкенің рөлі әрбір отбасында үлкен күшке ие. Іс-шара барысында «Бір әкенің тәрбиесін - жүз мектеп те бере алмайды» деген қанатты сөзді тілге тиек етіп, ұл мен қыздың тәрбиесіндегі әкенің алар орны ерекше екендігіне келген қонақтар да өз ойларын ортаға салды.
|