2020 жыл 26 ақпан күні Түркістан қаласындағы №23 IT мектебінің оқу базасында Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасы мен әдістемелік орталықтың ұйымдастыруымен «Өзін-өзі тану» Республикалық олимпиадасы болып өтті.
Олимпиаданың мақсаты: білім беру ұйымдарындағы оқушылардың өзін-өзі тану пәніне қызығушылығын дамыту, оларды рухани-адамгершілік құндылықтарға тарту, балалардың шығармашылық әлеуетін жандандыру, шығармашылық бастамашылдығын дамыту.
Республикалық олимпиаданы басқарма басшысы Жолаев Рақымбек Қуатбекұлы ашып, қатысушы оқушыларға сәттілік тіледі. Олимпиадаға өңірдегі барлық 16 ауданнан 23 команда қатысты. Байқауда Мақтаарал ауданының намысын Қ.Әбдалиев атындағы №54 жалпы орта мектептің өзін-өзі тану пән мұғалімі Алдабергенова Айнұр Жарасқызының жетекшілігімен 9-11 сынып оқушылары қорғап, оқ бойы озып, жүлделі ІІ орынды иеленді. МАҚТААРАЛДЫҚТАР жеңіс құтты болсын!!! Жеткіншектердің алар асуы биік болсын!!!
|