Бүгін 2020 жыл 26 қараша күні №50 «Үлгілі» жалпы орта мектебінде «Өзін-өзі тану пәнін оқыту арқылы жаһандануда өмір сүре алатын тұлға тәрбиелеу» атты тақырыпта аудандық семинар болып өтті. Семинардың мақсаты:
жаңартылған білім беру үдерісінде өзін-өзі тану мұғалімдерінің кәсіби шеберлігін қалыптастыру;
Семинарды Мақтаарал аудандық білім бөлімінің өзін-өзі тану пәні әдіскері А.Бердіхан мен мектеп директоры А.Ахментаева ашып берді.
Семинарда өзін-өзі тану пәні бойынша әдістемелік бірлестік жетекшісі Р.Қалыбекова «Рухани адамгершілікке тәрбиелеу» атты сыныптан тыс жұмыс, өзін-өзі тану пән мұғалімі А.Момбекова «Сенім туралы», А.Бибосынова «Сүйіспеншілік пен жақсылық жолы» тақырыптарында ашық сабақтар өтіп, өздерінің әдіс-тәсілдерімен бөлісті. Мектеп психологы Б.Кабулова «Көңілі көтеріңкі ұстаздың еңбегі де жемісті» тақырыбында тренингтер өткізіп, аудиторияға жылулық атмосферасын сыйлады. Семинар соңында білім беру ұйымдарынан келген пән мұғалімдері кері байланыс жасап, семинардан алған әсерлерімен бөлісті.
|