Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында мемлекеттік саясат негізінде ең алғаш рет «Әр баланың қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы жеке адамның дарындылығын таныту» сияқты өзекті мәселелер енгізіліп отырғаны белгілі. Дарынды балаларға білім беруді әр ғылымның бүгінгі дәрежесіне сәйкес жүргізу бір жағынан қоғамға талантты мамандар даярлауда тиімді болса, екінші жағынан қоғамға ерекше дарынды балалардың тек өзінің интеллектуалдық дамуын қамтамасыз етеді.Жас жеткіншектің бойындағы табиғат берген ерекше қабілетті, дарындылықты тани білу, оның одан әрі дамуына бағыт-бағдар бере білу ерекше қиын іс. Алайда әр баланың жеке қабілетін анықтап, оны сол бағытта жетелеу-ұстаз парызы болып саналады. «Мың бала» олимпиадасының І кезеңінен іріктелген жеңімпаздары Мақтаарал ауданының білім бөліміне қарасты 56 мектептен 151 оқушы, Жетісай ауданынан 4 оқушы, Шардара ауданынан 2 оқушы қатысты. Ұйымдастырушылар Нұрсұлтан қаласындағы Педагогикалық шеберлік орталығы мен Шымкент қаласындағы Н.Назарбаев зияткерлік мектебінің ұстаздары олимпиаданың өз дәрежесінде өтуіне атсалысты. Қортындысында облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының мамандары және ұйымдастырушылары тарапынан олимпиадаға қатысушы әрбір оқушыға сусындар, тәттілер таратты.
|