2020 жылғы 24 тамызда «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» Халықаралық қоғамдық қоры атынан осы қордың вице-президенті Төлебаев Нұрбол Асылбекұлы қайырымдылық көмек көрсету мақсатында Мақтаарал ауданында су тасқынынан зардап шеккен мектептерге 110 дана «HUAWEI» маркалы планшетті сыйға тартты.
Ол өз сөзінде «Қор мүшелерімен ойласа келе оқушылар мен мұғалімдер үшін қашықтан оқыту барысында инновациялық білім беру үшін аса қажетті құралдардың бірі планшет алуды шештік» - деп айтты. Орын алған төтенше жағдай басымызды біріктіріп, республиканың түкпір-түкпірінен басымызды қосып, ізгі іс жасауға түрткі болып жатыр.
Игі іс-шараға Түркістан облысы Адами әлеуетті дамыту басқармасының баспасөз қызметінің хатшысы – Оспанов Азамат Серікбайұлы, Түркістан облысының ата-аналар қауымдастығының төрайымы Жакипова Ақбаян Төлбасқызы, Мақтаарал ауданының әкімі Бахыт Насырханұлы Асанов, Мақтаарал ауданының білім бөлімінің басшысы Мұратбек Төлепұлы Серікбаев қатысты.
Іс-шараға қатысқан ата-аналар мен оқушылар «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» Халықаралық қоғамдық қорына өз алғыстарын айтып, ризашылықтарын білдірді.
|