Қазіргі заманғы технологиялар оқу үрдісінің барлық кезеңдерін қашықтық форматқа көшіруге толығымен мүмкіндік береді. Еліміздегі мектептер өз жұмыстарын қашықтықтан оқытуға кірісті.
Заман көшіне ілескен мақтааралдық ұстаздар қашықтықтан аудандық секция жұмысына қатысып, оқытудың жаңа жүйесі ZOOM платформасында «Химия, биология пәні мұғалімінің кәсіби құзыреттілігін дамыту – оқушылардың білім сапасын арттыру кепілі» тақырыбында аудандық педагогикалық секция жұмысында өз ойларын ортаға салды.
Секция бағдарламасына сәйкес пән мұғалімдері жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында қашықтықтан сапалы білім берудің тиімді жолдарымен таныстырып, өз іс тәжірибелерімен бөлісті. Мақтааралдық озат тәжірибелі ұстаздар Ы. Алтынсарин атындағы ЖОМ мұғалімі Б. Тұтымова, «Жаңа жол» ЖОМ мұғалімі Н. Утеулиева және Б. Соқпақбаев атындағы ЖОМ мұғалімі Қ. Данадилова үштілде білім берудің қыры-сырымен таныстырды.
«Қашықтан оқыту жағдайында биология пәнін оқытудың тиімді жолдары» Қ. Әбдалиев атындағы жалпы орта мектебінің биология пәні мұғалімі М. Сегизбаева ,
М. Ғабдуллин атындағы ЖОМ химия, биология пәні мұғалімі Аширова Гулжанат «Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында қашықтықтан оқытудың тиімді жолдары» тақырыбында, С. Рахымов атындағы жалпы орта мектебінің химия пәні мұғалімі Тажбанова Гулжан «Химия сабағында PISA тапсырмаларын қолданудың артықшылықтары» және «Мырзакент» МГ химия пәні мұғалімі Елжанова Дина «Химия сабағында БЖБ мен ТЖБ тапсырмаларын құрастырудың тиімді жолдары» тақырыбында презентацияларымен таныстырды.
Жаңа оқу жылы құтты болсын, Құрметті Ұстаздар! Жаңа оқу жылында Сіздерге зор Денсаулық, шығармашылық табыстар тілейміз.
|