Бүгін «Бастауыш сынып пәндерінің қашықтықтан оқытудағы тиімді әдіс-тәсілдері» тақырыбы аясында Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жағдайында бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби тұлғасын қалыптастыру тақырыбындағы тамыз секциясын Мақтаарал ауданы бастауыш сынып мұғалімдерімен онлайн форматта «Zoom» платформасы арқылы өткізілді. Секция мақсаты бастауыш сынып пәндерінің қашықтықтан оқытудағы білім берудің жаңа мазмұны жағдайында әдіс алмасу. Аталмыш семинарға жалпы білім беру ұйымдарынан 92 мұғалім қатысты. Қашықтықтан оқыту және кезекші сыныптар бойынша көкейдегі сұрақтарға МАББ әдіскері К.Утебаева жауап беріп түсіндірді. «Оқушылардың сауаттылығын арттыру құралы ретінде сыни тұрғыдан ойлау технологиясын қашықтықтан қолдану» тақырыбында М.Ғабдуллин атындағы жалпы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Кузибай Улдана әдебиеттік оқу пәнінен щебер сынып өтті. «Білім мазмұнын жаңарту жағдайында математика пәнін оқытуда тұлғалық бағдарлы оқытуды жүзеге асыру» тақырыбы бойынша М.Тоқжігітов атындағы ЖОМ-нің бастауыш сынып мұғалімі Носерова Венера және «Білім мазмұнын жаңарту аясында бастауыш сынып оқушыларының оқу жетістіктерін бағалау» тақырыбында Т.Бигелдинов жалпы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Есжанова Гулзира өз іс тәжірибелерімен бөлісті. Мақтаарал білім бөлімінің бастауыш сынып әдіскері Қ.Утебаева қорытынды жасады. Семинар қорытындысында шебер сыныптарға кері байланыстар айтылды. Хаттама жазылып, ұсыныстар енгізілді. Сабақ өткен ұстаздарға алғыс білдірді.
|