«Ұстаз деген ұлағатты атауды естігенде, күні бүгінге дейін өзімді шәкірттей сезінемін» деп Абай Құнанбайұлы айтқанындай адам баласының жүрегінде қадір тұтып, құрметтейтін екі ұғым болса, соның бірі Ұстаз. Ұстаздық өнер – тағылымы терең өнер. Өнерлі болу кез-келген адамға қона бермейді. Шын ұстаз болу үшін табиғи дарын ізгілікті ізденіс пен ерен еңбекке ұштастырылуы керек. Қай заманда болсын ұстаздарға құрмет жоғары болған. Бүгіннен немесе кешеден ғана ұлы мамандық иелеріне құрмет көрсетіліп келе жатқан жоқ, ықылым заманнан бері ұстаздықтың шоқтығы биік. «Тамшысымен тас тесетін бейне бір су тәрізді» жандарға ілтипат таныту - адамгершілігінің ілгері басуының бір қадамы. Өйткені, ұстазға құрмет көрсету - білімге құрмет көрсету. Тарихта ақыл-парасаты мол тұлғалардың көпшілігі ұстазына ерекше құрметпен қарап, әрдайым бір ізетпен еске алғаны мәлім. Айталық, Шәкәрім-Абайды, Жамбыл-Сүйінбайды, Абылай хан - Төле биді өзіне ақылшы әрі ұстаз тұтқан. «Адамның адамшылығы-жақсы ұстаздан» деп ұлы Абай айтқандай, мұғалім тәрбиесі мен өнегесі оқушының болашақ азығы. Жақсы ұстазға кезігіп, тәлім-тәрбие алған шәкірт өмір майданында мойымай күресіп, болашақ жолдарда бағытынан таймасы анық. Жаһандану заманында ұлттық бәсекеге қабілетті болудың көрсеткіші-білім деңгейімен өлшенеді. Сондықтан, әлемдік білім кеңістігіне кірігіп, білім беру жүйесін халықаралық биікке көтеру кезек күттірмейтін өзекті мәселе. Бұл мәселені шешудің кілті-ұстаздардың қолында. Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер-бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр»-деген еді.Ұрпаққа тәрбие беру, білім нәрімен сусындату-екінің бірінің қолынан келе бермейді. Сол себепті, ұстаз болу-жүректің батырлығы деп бағалауға болады. Қазақ мектебінің болашағы туралы М.Жұмабаев «Әрбір елдің келешегі мектебіне байланысты» деп айтып кеткенде тәуелсіз Қазақстан Республикасының тарихи – әлеуметтік және мәдени-рухани болмысын дамытуға, қоғамдық өмір мен ұлттық мектепті қалыптастыруда ұстаздардың еңбегі зор. Осындай егемен еліміздің ертеңін ойлар білімді де саналы, Отанын, туған жерін, ұлтын сүйетін ұлтжанды парасатты азааматты тәрбиелеуде қажырлы еңбек етіп келе жатқан ұлағатты ұстаздарымыз №12 Х.Әлімжан НОМ Г.Якубова, №2 Абылайхан ЖОМ Қ.Мусирепова, №21 «Нұрлы жол» ЖОМ Ш.Мадисаева, №17 Абай ЖОМ Н.Исаев, №5 «Мақтарал» МГ А.Белхожаева, №29 А.Тұяқбаев ЖОМ Т.Джарасова, №22 Қ.Аманжолов ЖОМ С.Нуржигитов, №16 Х.Доспанова ЖОМ А.Шерниязова, №25 А.Фердауси ЖОМ Л.Истибаева, №43 Т.Әубакиров ЖОМ Б.Байсейтова, №39 Жамбыл ЖОМ О.Турманова, №48 Б.Соқпақбаев ЖОМ Б.Саитова, №32 ЖОМ Н.Исмайлова, №1 «Мырзакент» МГ Т.Есенова, №6 Қ.Сатбаев ЖОМ С.Азинбаева, №3А.Пушкин ЖОМ М.Даубаева, №31 «Береке» ЖОМ У.Килибаева, №9 ЖОМ М.Мамбетов, №7 В.Комаров ЖОМ Г.Жанзакова, №56 М.Тұрсын-Заде ЖОМ К.Акабаев Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасы тарапынан «Ұстаздар күні» мерекесіне орай марапатталды. Қоғам мен адамзат алдындағы өлшеусіз еңбектеріңізді ескере отырып, Сіздерге өскелең ұрпақ тәрбиелеудегі өрелі жұмыстар мен мемлекетіміздің гүлденуі жолындағы абыройлы істеріңізге толымды табыс тілейміз.
|