Мақтаарал ауданының білім бөлімінің 2020-2021 оқу жылына арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес әдістемелік кабинет әдіскері М.Нұртаеваның ұйымдастыруымен білім бөліміне қарасты барлық мектептің педагог-психологтары, сынып жетекшілері мен ата-аналар комитетінің төрағаларын (төрайымдарын) қатыстыра отырып «Буллинг пен зорлық-зомбылық көрсетудің алдын алу мәселелері мен ата-аналарға арналған кеңестер» тақырыбындағы онлайн-семинар өткізілді.
Онлайн-семинардың мақсаты: Тәрбие мәселесіндегі ата-аналардың біліктілігін арттыруға, отбасындағы қарым-қатынасты жақсартуға бағытталған құралдар жиынтығынан тұратын отбасылық психологиялық терапия және жеке кеңес беру жұмыстарын
Мақтаарал ауданы білім бөлімінің жанынан құрылған "Сенiм" психологиялық қолдау көрсету мобильдік тобының үздік психологтары келесі тақырыптар бойынша оқу семинарларын өткізді:
- Балаға буллинг пен кибербуллингті жеңуге қалай
көмектесуге болады? Осы бағытта ата-аналарға арналған кеңестер;
- Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың баланың психоэмоционалды дамуына әсері;
- Сұрақ-жауап айдары.
Алдағы уақытта "Сенiм" психологиялық қолдау көрсету мобильдік тобының үздік психологтары ата-аналар мен балаларға психологиялық жеке кеңестер беру арқылы қашықтан білім беру кезінде қолдау көрсететін болады.
Интернетке тәуелділіктің алдын алу және профилактикалық әдістерін игеруге арналған материалдар аудан тұрғындары арасында кеңінен насихатталмақ.
|