Мақтаарал ауданының білім бөлімінің ұйымдастыруымен Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай ауданымыздың барлық білім беру ұйымдарының 9-10 сынып оқушылары арасында «Көшбасшы кім және оны қалай түсінесің?» тақырыбы аясында ZOOM платформасы арқылы онлайн режимінде дебат өткізілді. Дебаттың мақсаты: өскелең ұрпақтың бойына ұлттық тарихымызды, әдебиетіміз бен мәдениетімізді насихаттау, оқушы жастардың құндылық бағдарларын рухани-адамгершілік тұрғысынан қалыптастыру.
Байқау 2 кезеңде ұйымдастырылды, 1-ші кезең «Көшбасшы кім және оны қалай түсінесің?», 2-ші кезең Көшбасшы туралы жаңылтпаштар, сонымен қатар сұрақ-жауап бөлімдері бойынша өз ойларын ортаға салып, қоғамдағы өзекті мәселелерді талдай білді. Ал, әділ қазы алқалары пікір сайыстың жоғары деңгейде өтуіне ықпал етіп, байқауға қатысқан оқушылардың пікірлерін саралап, сайыста жіберген кемшіліктерін талдап, байқау ережесіне сәйкес екі кезеңде де белсене қатысып, топ жара білген мектеп оқушыларын Мақтаарал ауданының білім бөлімінің жүлделі орындарымен марапаттады. Марапатталған мектептер: I-орын О.Бапышев ЖОМ, II-орын Н.Бекежанов ЖОМ, II-орын Әл-Фараби ЖОМ, III-орын А.Пушкин ЖОМ, III-орын М.Ғабдуллин ЖОМ, III-орын Қ. Әбдалиев ЖОМ. Сонымен қатар Ш.Бектасов, №49 Ж.Нұрлыбаев, Х.Доспанова атындағы жалпы орта мектептері номинацияларды иеленді. Жеңімпаз болған мектеп оқушыларына толағай табыстар тілей отырып, жас ұрпақтың шығар тауы биік болсын деп тілейміз.
|