Түркістан облысының Адами әлеуетті дамыту басқармасы мен «ReFrame» тұлғалық дамыту орталығы, Мақтаарал ауданы білім бөлімінің ұйымдастыруымен 2020 жылғы 9 желтоқсанда Мақтаарал ауданының «Ақ алтын» мәдениет үйінде «Менің бойымдағы асыл құндылықтар» тақырыбында ауданның іріленген мекемелерінің басшылары мен білім беру ұйымдарының басшыларының қатысуымен облыстық офлайн және онлайн режимде семинар өтті.
Семинардың мақсаты: балаларға қатыгездікпен және немқұрайлықпен қарау проблемасына қоғамның назарын аударту және қоғамда балаға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу, жасына, даму деңгейіне, әлеуметтік мәртебесіне қарамастан әр адамның өмірі мен әл-ауқаты жоғары болуына ықпал ететін сенімдерді қалыптастыру.
Семинардың міндеттері:
Семинарда "Жастар арасында құқықбұзушылық пен зорлық зомбылықтың алдын алу" тақырыбы бойынша Мақтаарал аудандық полиция бөлімі жергілікті полиция қызметі ювеналдық полиция тобының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі аға учаскелік полиция инспекторы, полиция майоры А.Урпешова;
«Бала психологиясына зорлықтың әсері» тақырыбында «REFRAME» тұлғалық дамыту орталығының директоры Вероцская Гульжан Ералиевна, «Отбасы – бақыт мекені» тақырыбында Мақтаарал ауданының Жастар ресурстық орталығының психологы Омарәлі Гүлдана Дінмұхамедқызы;
«Мақтаарал ауданы білім бөлімінің жанынан құрылған «Сенім» мобильдік тобының психологиялық қызмет көрсету әдістері мен техникалары» тақырыбында Мақтаарал ауданы білім бөлімінің әдіскері М.Нұртаева;
«Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың баланың психоэмоционалды дамуына әсері» тақырыбында Ж.Нұрлыбаев атындағы №49 жалпы орта мектебінің педагог-психологы Мұсаева Эльмира лекция оқып, жасөспірімдерге қатысты қатыгездік пен зорлық-зомбылықтың профилактикасы бойынша мәселелердің шешу жолдарын талқылап, өз ұсыныстарын айтты.
Семинарды Мақтаарал ауданы білім бөлімінің басшысы М.Серикбаев пен Мақтаарал аудандық әжелер алқасының төрайымы Ш.Курбанбаева қорытындылап, аудан көлемінде психологиялық қызметті насихаттап, ерен еңбек етіп жүрген «Сенім» мобильді тобының педагог-психологтарына алғыс айта отырып, ынталандыру мақсатында алғыс хат табыстады.
Семинар нәтижесінде жастар мен балалар арасында интернет-тәуелділіктің алдын алу, сондай-ақ азаматтардың цифрлық беделін қорғау, ауылдық жерлерде мектепішілік есепте тұратын және аз қамтамасыз етілген отбасылардың балалары мен жасөспірімдерді спорт мектептеріне және клубтарға тартуды қолға алып, «Оқушылардың тұлға болып қалыптасуында еңбек пен кәсіптік бағдардың рөлі» атты брошюралар дайындау, психологиялық қызметте инновациялық тәсілдерді қолдану, ғалымдар мен мамандар даярлаған отандық психодиагностикалық және психокоррекциялық қор дайындау көзделуде.
|