ҰЛТТЫҚ МЕКТЕП-ЛИГА ЖЕТІСТІКТЕРІ
2021 жылдың 10 қазандағы № 311 бұйрығын басшылыққа ала отырып ағымдағы жылдың 27-28 қаңтар күндері аралығында Келес ауданында 5-6, 7-8 сынып оқушы(ұлдар, қыздар) арасында стридболдан, футзалдан өткен «Ұлттық мектеп-лига» аймақтық жарысқа Мақтаарал ауданының адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты Мырзакент МГ-ның ұлдар, Әл-Фараби атындағы ЖОМ-нің оқушы қыздар командалары қатысып жүлделі І-орынды иеленіп ағымдағы жылдың 28 ақпан-01 наурыз күндері аралығында Түркістан қаласында өтетін облыстық ақтық ойынға жолдама алды. Жүлде алған оқушыларды, Мақтаарал ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы М.Серикбаевтың жеке қабылдауында болып бөлім басшысы жеңімпаз оқушыларға және жаттықтырушыларына алдағы облыстық жарыстарда жеңімпаз болуына сабақтарын жақсы оқуына, жоғарыдан көріне беруіне алғыс айтты.
|