2022 жылдың 22 ақпан күні Түркістан қаласында «Мамандықтар әлемін ашамыз» республикалық форумның облыстық кезеңі өтті. Бұл форумға аудан атынан адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты «Абылайхан атындағы №2 жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 9-10 сынып оқушылары қатысты. Форумда оқушылар «Осындай мамандықтар бар», «Мамандық таңдайтын уақыт», «Менің кәсібім-менің бизнесім», «Мамандық кеше, бүгін, ертең» номинациялары бойынша өз қабілеттерін сынады.
Мақтаарал ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі Ұ.Исламова алдағы республикалық кезеңге оқушыларға шығармашылық табыс тілеп, жоғары нәтиже көрсетуге сенім білдірді. «Мамандықтар әлемін ашамыз» республикалық форумның облыстық кезеңінен жүлделі ІІІ орын алған Джанбаева Қаламқас, І орын алған Балтабай Әсия мен Республикалық форумға жолдама алған Сапарханова Аруназ, Әбдіқадір Жанеркені, жетекшісі Р.Шалабеваны «Алғыс хатпен» марапаттады. Форумның облыстық іріктеу кезеңінде белсенділік танытқаны үшін Төлеп Дина, Абдраман Қайсар, Қолданбекова Тоқжан, Құрбанбек Айша, Рахимова Ақжүніс, Жұмахан Бекзат Мақтаарал ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің «Алғыс хатымен» марапатталды.
|