АЛ КӘНЕКЕЙ ӘЖЕЛЕР
Мақтаарал ауданының адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты «№ 13 Гулдер» бөбекжай-балабақшасында Балалар жылына орай «Ал кәнекей әжелер» байқауы болып өтті. Байқау 4 кезеңнен тұрды. Байқауға тәрбиеленушілер Мерекенің әжесі Мырзалиева Нурсулу, Аяланың әжесі Турымбетова Құттығыз, Айдананың әжесі Жакипова Гулзат әжелері немерелерімен бірге қатысып өздерінің өнерлерін ортаға салды.
Ұлтымыздың болашағы-жас ұрпақ әдет-ғұрыптар мен дәстүрлерді, елдің мәдениетін, әдебиетін, тілін жақсы меңгеріп өсу үшін жастайынан бесік жырын естіп, ертегі тыңдап, ұлттық тәлім-тәрбие алуы керек. Балабақшадағы іс-шарада соның айғағы болмақ. Байқауда әжелеріміз «Өнегелі әже», «Шебер әже», Зерек әже» номинацияларымен марапатталды. «№13 Гулдер» бөбекжай-балабақшасының ұжымы қатысып тәрбиешілер өз өнерлерін көрсетті.
Қорыта айтқанда, Қазақстан Республикасының өркениетке жеткізу жолында жолында келер ұрпақты жоғары мәдениеттілік пен имандылыққа тәрбиелеу, басты мақсатымыз. «Адам тағдырын тәрбие шешеді, тәрбие құралы сөз»-деп Олжас Сүлейменов айтқандай болашақтың қайырымдылық пен әділеттілік билігіне жетуін тілеп, балалардың жолына қызмет жасап келеді.
Имандылықтың тұнық тәрбиесін сәбилер жүрегіне жеткізіп жүрген бүгінгі тәрбиеші педагогтардың еңбегінің жемісі-ертеңгі ұрпақтың еліне қосар ізгі үлесі болғай.
|