ЖЕТЕКШІ МЕКТЕПТЕРДЕГІ ТИІМДІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН ҚЫЗМЕТ – СЕРІКТЕС МЕКТЕПТЕРДІҢ ДАМУЫНЫҢ КЕПІЛІ
Мақтаарал ауданының адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты Ш. Бектасов атындағы № 38 жалпы орта мектебінің базасында «Оқытудың жаңашыл әдіс – тәсілдерін қолдану арқылы олқылықтарды жою» тақырыбында тәжірибелік семинар өтті. Жетекші мектеп болып саналатын Қ.Сәтбаев атындағы жалпы орта мектебіне серіктес мектеп ретінде Ш.Бектасов атындағы жалпы орта мектебінің пән мұғалімдерімен тәжірибе алмасу мақсатында қарым-қатынас орнап, кәсіби шеберліктері шыңдалуда.
Семинардың негізгі мақсаты: Оқу – тәрбие процесіне жаңашыл әдіс – тәсілдерді енгізу арқылы оқушылардың білімін арттыру, мұғалімдердің кәсіби шеберлігін шыңдау. Тәжірибелік семинар барысында мұғалімдердің ғылыми – әдістемелік, шығармашылық ізденімпаздығын арттырды, оқушылардың функционалдық сауаттылығы дамыды, шығармашылық іс – әрекеттерге жетелейді, желілік қоғамдастық аясында мұғалімдердің іс – тәжірибесінде сабақты зерттеу тәсілін қолдану қабілеттерін арттыру жұмыстары жүрді. Мектептер арасында орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында серіктес мектептердің қарым – қатынасы нығайды.
Семинар барысында пән мұғалімдері қазіргі әдіс – тәсілдерді қолданып сабақ өтті. Бастауыш сынып мұғалімі Жамединова Захра әдебиеттік оқу пәнінен «Қазақстан көлдері»тақырыбында, математика пәнінің мұғалімі Акрамов Ерік «Күрделі функцияның туындысы» тақырыбында, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Базарбаева Лаззат «Travel and Transport» тақырыбында, бастауыш сынып мұғалімі Махатова Роза әдебиеттік оқу пәнінен «Кітап неден жасалады?» тақырыбында, тарих пәнінің мұғалімі Акбар Бауыржан «Қазақ хандығының құрылуы», математика пәнінің мұғалімі Шербаева Гулжаухар «Төртбұрыштармен үшбұрыштардың ауданы» тақырыбында ашық сабақ өтті. Семинар соңында ашық сабақ өткен пән мұғалімдеріне кері байланыс беріп, өздерінің білім қоржынына керекті әдіс-тәсілдермен толықтырғаны туралы оң баға берді. Ш.Бектасов атындағы жалпы орта мектебінің әкімшілігіне , пән мұғалімдеріне шығармашылық табыс, кәсіби шыңдала беруді тілейміз!
|