БАЛҒЫН БАЛАЛАР – БІЗДІҢ БОЛАШАҒЫМЫЗ
2022 жылдың 1 маусым күні Мақтаарал ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен «1 маусым – Халықаралық балалар» күні және «Балалар жылы» аясында ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және аз қамтамасыз етілген отбасы балаларына арнап «Балғын балалар – біздің болашағымыз» атты мерекелік іс-шара өткізілді.
Іс-шараны Мақтаарал ауданының әкімі Б.Асанов пен аудандық мәслихат хатшысы Қ. Сәрсекбаев ашып, балаларды келе жатқан мерекемен құттықтап, ізгі тілектерін білдірді. Сонымен қатар аудан әкімінің орынбасары А.Ешанқұлова мен Мақтаарал ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы М.Серікбаев, Кәсіподақ Комитетінің төрағасы А.Жолдасов, Мақтаарал аудандық әжелер кеңесінің төрайымы Ш.Құрбанбаевалар да сөз сөйлеп, жылы лебіздерін білдірді. Мақтаарал ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімі мен Мақтаарал ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімінің ұйымдастыруымен балаларға балмұздақ пен шағын сыйлықтар ұсынылды.
|