ҚҰРМЕТТІ БАЛҒЫНДАР!
ҚАДІРЛІ АТА-АНАЛАР!
Жүзімізді жадыратып, жүректегі мұзды ерітетін сәбидің сыңғыр күлкісі екені белгілі. Ата-ана үшін бөбегінің шат күлкісі мен баянды болашағынан қымбат дүние жоқ! Даңқты батыр Бауыржан Момышұлының «Дүниеде баланың у-шуына жетер не бар?! Одан асқан сазды әуен ойлап табу мүмкін емес»-деген. Балалы үйді базарға теңеген бабалардың сөзі де санамызда.
Маусым айының алғашқы күнін балалар мерекемен қарсы алады. Олардың тыныштығы мен болашағын бүкіл әлем болып қорғалатын күн ретінде мерекелейді. Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығымен тұспа-тұс келген бұл атаулы күннің берекесі баянды бола берсін!
Құрметті балауса балғындар!
Сіздерді 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күнімен шын жүректен құттықтаймын! Қуаныш пен шаттықтың ортасында ойнап-күліп, есен де сау ел мақтаныштары болуларыңызға тілектеспін! Көк аспандарыңыз әрдайым ашық болып, аталарыңның бастан кешкен қиыншылықтары сендерге жолықпасын. Ата-аналарыңыздың үмітін ақтаңыздар! Үлкен азамат болып өсе беріңіздер!
|