РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «БАЛДАУРЕН БІЛГІРІ-2022» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ
2022 жылдың 7-8 маусым күндері Қонаев қаласында «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығының базасында 2-8 сынып оқушыларына арналған «Балдәурен білгірі-2022» ІІІ Республикалық зерттеу жұмысы мен әлеуметтік жобалар байқауы өтті. Мақтаарал ауданынан 14 оқушы қатысып, 3 оқушы Бас Жүлдемен, 1 оқушы-ІІ орын, 10 оқушы –ІІІ орынды иеленді. Байқауға 2-8 сынып оқушыларының зерттеу жұмыстары 10 бағыт бойынша теориялық, эксперименттік , ойлап тапқыштық негізде қатысты. «Әлеуметтік жобалар» бағыты бойынша Қ.Үкібаев атындағы ЖОМ 6 сынып оқушысы Абдурасул Хадиша Бас жүлдені иеленді және Балдәурен РОСО-ға демалуға жолдама жеңіп алды, жетекшісі Каракулова Нурила. «Сандық ресустар» бағыты бойынша Панфилов атындағы ЖОМ 6 сынып оқушысы Сұлтанбекұлы Бейбарыс қатысып ІІІ орынды иеленді, жетекшісі Султанова Ұлмекен және М.Өтемісұлы атындағы ЖОМ 5 сынып оқушысы Қарсыбай Жәудір Бас жүлдені иеленді, жетекшісі Турмуратова Гульшат.
«Ақпараттық технологиялар» бағыты бойынша «Мақтаарал» МГ-ның 7 сынып оқушысы Шонықбай Бағлан ІІІ орынды иеленді, жетекшісі Жораева Айзада.
«Көркем әдебиет» бағыты бойынша «Мақтаарал» МГ 5 сынып оқушысы Шынтаева Саяжан жүлделі ІІІ орынды иеленді, жетекшісі Белходжаева Айжамал.
«Жаратылыстану ғылымдары» бағыты бойынша «Мақтаарал» МГ 7 сынып оқушысы Махамбетова Динара жүлделі ІІІ орынды иеленді, жетекшісі Айтуреев Нуркен.
«Жаратылыстану ғылымдары» бағыты бойынша С.Рахымов атындағы ЖОМ 8 сынып оқушысы Жұмабаев Дінмұхаммедәли жүлделі ІІІ орынды иеленді , жетекшісі Спанова Шарипа.
«Жаратылыстану ғылымдары» бағыты бойынша №32 ЖОМ 4 сынып оқушысы Шегебай Еркежан жүлделі ІІІ орынды иеленді, ғылыми жетекшісі Малдыбаева Гульнар
«Ұлы даланың жеті қыры» бағыты бойынша «Мақтаарал» МГ 7 сынып оқушысы Нахишман Алина жүлделі ІІІ орынды иеленді, ғылыми жетекшісі Кусембаева Гулжахан.
«Адам денсаулығы» Биомедицина бағыты бойынша Үкібаев атындағы ЖОМ 8 сынып оқушысы Бегалы Бинур жүлделі ІІІ орынды иеленді, ғылыми жетекшісі Бурисова Айгул.
«Туған жерге тағзым» бағыты бойынша Т. Әубәкіров атындағы ЖОМ 6 сынып оқушысы Оразбай Жансая Бас жүлдені иеленіп, Балдәурен РОСО-да демалуға жолдама жеңіп алды, ғылыми жетекшісі Алибекова Тарбия.
«Ғаламшар ғажайыптары» бағыты бойынша №9 ЖОМ 7 сынып оқушысы Оразбек Рамазан жүлделі ІІ орынды иеленді, ғылыми жетекшісі Омархан Арайлым.
«Көркем әдебиет» бағыты бойынша Панфилов атындағы ЖОМ 7 сынып оқушысы Абдраман Айгул жүлделі ІІІ орынды иеленді, ғылыми жетекшісі Үсіпханова Гулнар.
«Туған жерге тағзым» бағыты бойынша А.Пушкин атындағы ЖОМ 2 сынып оқушысы Манап Альбина жүлделі ІІІ орынды иеленді, ғылыми жетекшісі Сулейменова Рано.
Жеңімпаз оқушылар және оқушыларды жоғары деңгейде дайындаған пән мұғалімдері Жеңістеріңіз құтты болсын!
|