ҚҰРМЕТТІ ҰСТАЗДАР, ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МАМАНДЫҚТАРЫНЫҢ ТҮЛЕКТЕРІ!
«Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасы» ММ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 13 маусымдағы №390 қаулысымен бекітілген «Педагог кадрлар тапшылығы бар өңірлер үшін тиісті қолдау шаралары пакеті бар үздік педагогтарды тарту қағидаларына» сәйкес бос педагог лауазымдарына конкурс жариялайды.
Мұғалім тапшылығы бар өңірлердегі білім сапасын арттыру мақсатында Түркістан облысына білікті де ынталы мұғалімдерді, сондай-ақ еліміздің жоғары оқу орындарында педагогикалық мамандықтардың үздік түлектерін жұмысқа шақырамыз.
Толық ақпаратты облыстық басқарманың ресми сайтынан алуға болады.
(https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-adami-aleuetti-damytu?lang=kkс).
|