БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ОНЫ САЙЛАУ ТӘРТІБІНІҢ ҮЛГІЛІК ҚАҒИДАЛАРЫН БЕКІТУ ТУРАЛЫ
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі №355 бұйрығының 5-тармағына сәйкес Мақтаарал ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің Ж.Нұрлыбаев атындағы №49 жалпы орта мектебінің Қамқоршылық кеңесінің құрылатындығы және оның құрамы бойынша ұсыныстар қабылданатындығы туралы хабарлайды.
Ұсыныстарды қабылдау хабарландыру жарияланған күнінен кейін он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Ұсыныстар қабылданатын мекен-жайы. Мақтаарал ауданы, Мырзакент кенті, Жеңіс көшесі №10. Мақтаарал ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімі.
|