Қазақстанда қазір жастардың білімі мен тәрбиесіне көп көңіл бөлінуде. Осы мақсатты жүзеге асыру жолында өзіне деген сенімі мол, ерік жігері мықты, патриод, жан-жақты дамыған, сауатты саналы адамзат тәрбиелеу мәселесі жүктеліп отыр.Мақтаарал ауданының білім беру ұйымдарында жеке тұлғаны әлеуметтік топқа, қоғам өміріне араласуы үшін атқарылып жатқан жұмыстар ұшан теңіз. Соның бір парасы 2019 жылдың 19- сәуір күні «Болашақ» жалпы орта мектебінде өткізілген «Тұлғаны әлеуметтендіру жұмыстарын құжаттандырудың бірізділігін қамтамасыз ету» тақырыбында өтілген аймақтық семинар. Семинардың мақсаты: аймақ көлемінде білім беру жүйесіндегі әлеуметтік педагогтардың құзіреттілігін арттырып, әдістемесін жетілдіру. Өз мақсатында жеткен аймақтық семинарда облыстық әдістемелік кабинеттің әдіскері Р.Тойшыбеков «Тұлғаны әлеуметтендіру жұмыстарын құжаттандырудың бірізділігін қамтамасыз ету» тақырыбында презентациясымен таныстырса, №31 «Береке» ЖОМ А.Алешова «Әлеуметтік педагог қызметінің жаңа бағыттары мен идеялары» және №35 «Болашақ» ЖОМ А.Балғабаева «Білім беру мекемелеріндегі әлеуметтік педагог жұмысын ұйымдастыру» тақырыбындағы құнды баяндамалар оқыды. «Үлгілі» ЖОМ Д.Итбанова «Әлеуметтік педагогтың жылдық жоспарының құрылуы» тақырыбындағы шеберлік сыныбынан жас мамандар алдағы оқу жылдарында жылдық жоспарды жоспарлаудың құрылымымен танысты. Сондай –ақ аймақтық семинар барысындағы тренингтар мен кері байланыстардың ұстаз қауымы үшін берері мол болғаны сөзсіз.
|