Қазақша  Русский  
МАҚТААРАЛ АУДАНЫНЫҢ БІЛІМ БӨЛІМІ МАҚТААРАЛ АУДАНЫНЫҢ БІЛІМ БӨЛІМІ
мемлекеттік мекемесі
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері
eye 
Басты / Жаңалықтар

Жаңалықтар
18-04-2019

МАҚТААРАЛДА БІЛІМ САЛАСЫН ЦИФРЛАНДЫРУ БОЙЫНША МӘЖІЛІС ӨТТІ

Мақтаарал ауданында білім саласын цифрландыру бойынша арнайы мәжіліс өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасары С.Сұлтанханов, облыстық білім басқармасының бас маманы Т.Исмайлов, аудандық білім бөлімі басшысының м.а. М.Бабашев, аудандық білім бөлімінің қызметкерлері мен бөлімге қарасты білім беру ұйымдарының басшылары қатысты.

Жиналыстың күн тәртібінде «Цифрлы Қазақстан»мемлекеттік бағдарламасын іске асыру, бос жұмыс орындары туралы мәліметті jumys.sitcen.kz сайтына орналастыру жұмыстарын жандандыру, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу, кадрларды қабылдауды электронды жүзеге асыру жұмыстарын жүргізу, бос жұмыс орындарын ашық түрде жариялау мәселелері қаралды.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша аудандық білім бөлімінің басшысы міндетін атқарушы М.Бабашев «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында ауданның білім саласында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде баяндама жасады. Сондай-ақ, ол облыстық білім басқармасының 2018 жылғы 20 сәуірдегі «Оңтүстік Қазақстан облысы білім беру процесін автоматтандыру туралы» №123 бұйрығына сәйкес, Мақтаарал ауданының барлық білім беру ұйымдарындағы бос жұмыс орындарына кадрларды қабылдау және білім беру ұйымдарының басшыларын тағайындау процесі jumys.sitcen.kz сайты арқылы қатаң жүргізу қажеттілігін атап өтті.

Түркістан облыстық білім басқарамасының бас маманы Т.Исмайлов jumys.sitcen.kz жобасы Республикадағы 100 үздік жоба қатарына қосылып, Президент әкімшілігінің аппаратында арнайы бекітілгенін тілге тиек етті. Аталған жобаны облыстық Прокуратура қолдап отырғанын, жоба мектеп директорларына сапалы кадр іріктеп алуға зор мүмкіндік беріп отырғандығын хабарлады.

Күн тәртібіндегі кезекті мәселе бойынша сөз сөйлеген аудан әкімінің орынбасары С.Султанханов ҚР-ның «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңындағы кейбір баптарға тоқталды. Аталған заңда жариялылық пен ашықтық талап етілгендіктен, бүгінгі таңдағы бос жұмыс орындары туралы хабарландырулар тұрақты түрде жарияланып отыруы керектігін ескертті.

Жиын барысында ауданның білім бөлімінің кадр қызметкері М.Сапаров сөз алып, мекеме басшыларына бос жұмыс орындарын ашық жариялау жөнінде бірнеше ұсыныстар айтты. Сондай-ақ, ол бүгінгі таңда аудандағы бос жұмыс орындары туралы хабарлама жасады.

Мәжілістен соң жиынға қатысушылар мен қонақтар №4 С.Рахымов атындағы жалпы орта мектебінде жаңадан ашылған «jumys.sitcen.kz» кабинетінің лентасын қиды. Мұнда білім беру ұйымдарындағы бос жұмыс орындарына үміткер азаматтар тест тапсырып, сынақтан өтетін болады.

                                                                                                                                                          Толығырақ


Copyright © 2022, «Мақтаарал ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі
Мекен жайы:индекс 160547, Мақтаарал ауданы Жеңіс көшесі 10 үй
Телефон: +7 (72541) 2-10-50

Канцелярия: +7 (72541) 2-10-60
Приемная : +7 (72534) 2-10-60
e-mail: roo_maktaаral@mail.ru