Жаңартылған білім беру мазмұны аясында №14 «Жас алаш»жалпы орта мектебінде аудан көлемінде «Сабақ тиімділігін арттыру, оқушы мен мұғалімнің жетістігін ынталандыру үшін заманауи білім беру технологияларын қолдану» тақырыбында бастауыш сынып мұғалімдері арасында семинар өткізілді. Инновациялық технологияларды енгізу, идеяларды жобалау және әлеуметтік деңгейде бағалау мақсатында өтілген семинардың ауданымыздағы бастауыш сынып мұғалімдері үшін тиімділігі мол болды.
Семинарды аудандық білім бөлімінің бастауыш сынып әдіскері Қалдықыз Дүйсенова ашып беріп,барлық ұстаздарға шығармашылық табыс тіледі.
Жоспарланған бағдарлама бойынша бастауыш сынып мұғалімдері Р.Аулбекова, Х.Джамединова, А.Привалиева, Г.Усербаева, А.Тоқсанбаева сынды жаңашыл идеялы ұстаздар өз сабақтарын жоғары деңгейде көрсете білді. Заман талабына сай білім беру үдерісінде өз біліктілігін тәжірибе барысында тиімді қолдана отырып,оқушылардың жүрегінен орын таба алуы, бұл әрине мұғалімнің шеберлігіне байланысты. Сол себепті әрдайым ізденіс үстінде, өзіндік озық идеясы бар ұстаздың жұмысы бүгінгі күнгі өткізілген семинардың дәлелі десе де болады.
Семинар қорытындысында, «Білім бастауы-бастауыштан» демекші сабақтарға қатысқан ұстаздар өздеріне тиімді жаңа әдіс-тәсілдердің қажеттісін алып, өз тәжірибелерінде қолданатындығы айтылды.
.
|