«Шынықсаң – шымыр боласың» демекші, дене жаттығуы адам баласына қашан да пайдалы. Спорт – адамның рухани әлемі үшін де маңызды. Осы қағиданы жанына серік етіп жүрген Мақтаарал ауданында жасөспірімдер қатары күн санап артып келеді. Спорттық іс-шаралар қарқынды дамып, оқушыларымыз облыстық және аудандық сайыстарға қатысып, қанжығасы майланып, спорт қоржынын бірнеше жүлделі орындармен толтыруда. Солардың бірі №47 М.Тоқжігітов атындағы ЖОМ оқушылары Түркістан облыстық әдістемелік орталықтың ұйымдастырумен, Түркістан облысының оқушы қыздар және ұлдар арасында өтілген «Мен чемпион» балалар спорттық теледидар ойынының облыстық іріктеу жарысында жалпы командалық есепте
І орынды иеленіп, ауданымыздың абыройын асқақтатты. Үздік команданы дайындағаны үшін жетекшілері Абдубайтов Қалыбай мен Заманов Дәурен арнайы алғыс хатпен марапатталды.
Сондай –ақ , жастар жылы аясында баскетболдан 2004-2005 жылы туылған жасөспірім қыздар арасында С.Ерубаевтың жүлдесіне арналған ХХХІІІ-рет өткен жарыста І орынды ОБЖСМ командасының ойыншысы Тоқжігітов атындағы ЖОМ оқушысы Абдуллаева Гузаль Түркістан облыстық дене шынықтыру және спорт бөлімінің дипломымен марапатталды.
Облыстан жүлделі орын иеленген жеңімпаздарды Мақтаарал ауданының білім бөлімінің басшысының м.у.а М.Бабашев ауданымыздың намысын қорғау жолындағы жетістіктерімен құттықтап, болашақта биік белестерді бағындыруларына тілектестігін білдірді.
|