Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының тапсырмасына сәйкес мемлекеттік мекемелерде сатушысыз «Алдалдық дүкендерін» ашу бастамасын іске асыру мақсатында Мақтаарал ауданының білім бөлімінде «Адалдық дүкені» ашылды. Дүкеннің мақсаты – сатып алушыларды адалдыққа тәрбиелеу, қоғамда сенімділік ахуалын тудыру, адамдарға өзін адал тұлға ретінде қалыптыстыруға мүмкіндік беру. Дүкеннің ашылуына аудандық білім бөлімінің қызметкерлері демеушілік жасап, дүкен күнделікті қажетті заттармен толықтырылды. Дүкеннің ашылуы сатып алушыларды адалдық тұрғыдан тәрбиелеумен қатар, уақыт үнемдеуіне де септігін тигізуде.
|