ЕР-ЕЛІНІҢ ҚОРҒАНЫ
Мырзакент кентіндегі «Ақ алтын» мәдениет үйінде білім бөлімінің ұйымдастырумен 2019 жылдың 6 мамыр күні Мақтаарал ауданындағы білім саласы қызметкерлерімен 7-мамыр Отан қорғаушылар күніне арналған мерекелік іс-шара болып өтті. Меркелік іс-шараны Мақтаарал ауданының мәсихат хатшысы Қ.Сарсенбаев ашып берді. Іс-шарада білім саласында елеулі еңбек сіңіріп жүрген ұстаз ер азаматтар білім бөлімі мен кәсіподақ комитетінің алғыс хатарымен марапатталды. Білім бөлімінің басшысының міндетін уақытша атқарушы М.Бабашев пен кәсіподақ комитетінің төрағасы А. Жолдасов ұстаздарға Еліміздің өркендеуі жолында атқарып жатқан игі қызметтеріне табыс тілей отырып, «Отанға адал, елге қайырымды, отбасына мейірімді болыңыздар. Жүректеріңіз оттай лаулап, жандарыңыз әрдайым жас болсын. Қайратты, мақсатты болыңыздар. Еңбекте табыс, тілейміз» деп изгі тілектерін білдіріп, бағалы сыйлықтар табыс етті.. Іс шарада оқушылардың дайындаған сазды бағдарламасы ұстаздарға мерекелік көңіл күй сыйлады.
|