Қазақша  Русский  
МАҚТААРАЛ АУДАНЫНЫҢ БІЛІМ БӨЛІМІ МАҚТААРАЛ АУДАНЫНЫҢ БІЛІМ БӨЛІМІ
мемлекеттік мекемесі
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері
eye 
Басты / Жаңалықтар

Жаңалықтар
05-05-2019

 

Мақтаарал ауданы білім бөлімі 2019 жылдың 6-мамыр күні С.Рахымов атындағы №4 жалпы орта мектеп базасында «Бала тәрбиесіндегі әлеуметтік желілердің әсері» атты аудандық конференция өтті.
Конференцияға Мақтаарал ауданының білім бөлімінің міндетін уақытша атқарушы М.Бабашев, аудандық мәслихаттың хатшысы Қ.Сәрсекбаев, жастар ресурстық орталығының директоры С.Кенжебаев , мектеп директорлары, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, педагог-психологтары, ата-аналар коммитетінің төрағалары, қамқоршылық кеңестің төрағалары, информатика пәнінің мұғалімдері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Аудандағы мектептердегі әлеуметтік желілерді балаларға арналған бейне роликтер көрсетілді. «Бала бойындағы жалпы адамзаттық құндылықтарды дамытудың маңызы» тақырыбында М.Бабашев баяндама жасады. Аудандық әдістемелік кабинет әдіскері Ж.Қоқанбаев «Баланы интернеттен алыстату мүмкін бе?» тақырыбында баяндама жасап GoogleFamilyLink бұғаттау қосымшасы жиналған көпшілікке таныстырылды.
-"Соңғы уақытқа дейін Android телефондар мен планшеттерде ата-аналық бақылау функциялары шектеулі болды: оларды PlayMаркет, YouTube немесе Google Chrome сияқты кірістірілген қосымшаларда теңшеуге болады, ал бірдеңе шеткі қосымшаларда ғана қол жетімді болды, бұл туралы Android ата-аналық бақылау нұсқауларында егжей тегжейлі. Енді баланың телефонын пайдалануға шектеу қою, оның әрекеттері мен орналасқан жерін қадағалау үшін GoogleFamilyLink ресми қосымшасы пайда болды. Бұл шолуда баланың Android құрылғысына шектеулер орнату үшін FamilyLink орнату әдісі, әрекеттерді қадағалау, геопозициялар және кейбір қосымша ақпарат алу мүмкіндігі туралы ақпарат бар. Ата-аналық бақылауды өшірудің дұрыс қадамдары Нұсқаулықтың соңында сипатталған. Егер сіз шектеулер мен тыйымдарды орнату қажет болмаса, тек баланың немесе туысыңыздың жағдайын картада алу мүмкіндігі
болса, осы мақсатта Goolge-дан басқа бағдарлама бар, Толығырақ: Android-дағы достарыңыздың және туыстарының орналасқан жерін қалай білуге болады. Сондай-ақ пайдалы болуы мүмкін: iPhone ата-аналық бақылау, Windows 10 ата-аналық бақылау."
- Одан әрі "Пушкин жалпы орта мектебінің" тәрбие орынбасары С.Есиркепова «Діни экстремизм мен терроризмге қарсы заңнамалардың жүзеге асырылуы», "Комаров жалпы орта мектебінің" педагог-психологы Құстамбаева «Жасөспірімдер арасында зорлық-зомбылық, ерте жүктіліктің алдын-алу және репродуктивті денсаулықты сақтау» тақырыбында баяндамалар оқылды.


Copyright © 2022, «Мақтаарал ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі
Мекен жайы:индекс 160547, Мақтаарал ауданы Жеңіс көшесі 10 үй
Телефон: +7 (72541) 2-10-50

Канцелярия: +7 (72541) 2-10-60
Приемная : +7 (72534) 2-10-60
e-mail: roo_maktaаral@mail.ru