Мақтаарал ауданында орналасқан білім беру ұйымдарындағы қамқоршылық кеңесті құру туралы хабарландыру!
«Мақтаарал ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі аудан көлемінде орналасқан әрбір білім беру ұйымында қамқоршылық кеңестің құрылатындығын хабарлайды.
Қамқоршылық кеңестің құрамына: жергілікті өкілдік, атқарушы және құқық қорғау органдарының өкілдері, жұмыс берушілер мен әлеуметтік әріптестердің өкілдері, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері, ата-аналар комитеті ұсынған әрбір параллель сыныптан сол білім беру ұйымында білім алушылардың бір ата-анасы немесе заңды өкілі және қайырымдылық жасаушылар шақырылады.
Құрметті ата-аналар! Мақтаарал ауданының білім бөлімі және аудандағы білім мекемелері қамқоршылық кеңестің құрамы жөнінде ұсыныстарыңызды күтеміз. Білім беру ұйымдарында Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларына (ҚР БжҒМ 27.07.2017ж. №355 бұйрығы, 02.04.2018ж күнгі ҚР БжҒМ №123 бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) сәйкес Қамқоршылық кеңес құрамы бекітіледі.
Ұсыныстар 2018 жылдың 2қарашаға дейін қабылданады.
Мекен жайы: Мақтаарал ауданының білім бөлімі, Мырзакент кенті, Жеңіс көшесі 10үй. Сонымен бірге аудандағы барлық білім беру ұйымдарына хабарласуға болады.
Телефон: 8 (72541)2-10-60
«Мақтаарал ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі
|