Жалпы мәлімет
Ауданда жалпы білім мекемелерінде 28097 оқушы тәрбиеленуде. Қосымша білім беру ұйымдарында 1422 оқушы қосымша білім алуда. Қазақ тілінде оқитын оқушылар саны - 21755, қазақ-орыс тілінде оқитын оқушылар саны - 4118, қазақ-өзбек тілінде оқитындар саны - 871, қазақ-тәжік тілінде оқитын оқушылар саны - 1334
Педагог қызметкерлер
2020-2021 оқу жылында білім беру ұйымдарында (жалпы, орта, негізгі) барлығы - 3653 мұғалім қызмет атқарды. Оның ішінде, 3548 мұғалім жоғары білімді болса, 105 мұғалімнің орта арнаулы білімі бар. Ауданымызда Педагог-шебер – 88; Педагог-зерттеуші – 889; Педагог-сарапшы – 851; Педагог-модератор – 431, ал қалған 824 педагог - жоғары, I, II санатты ұстаздар.
Балабақшалар
Қазіргі таңда аудан бойынша мектепке дейінгі ұйым саны - 110. Оның ішінде мемлекеттік-13, жауапкершілігі шектеулі серіктестік негізінде 97-балабақша жұмыс істеуде. Барлығында 10702 бала мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылып, 3-6 жас бойынша балаларды қамту 100 % құрап отыр (1-6 жас бойынша балаларды қамту 95,5%).
|