Қазақша  Русский  
МАҚТААРАЛ АУДАНЫНЫҢ БІЛІМ БӨЛІМІ МАҚТААРАЛ АУДАНЫНЫҢ БІЛІМ БӨЛІМІ
мемлекеттік мекемесі
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері
eye 
Басты / Бөлімі туралы / Атқарылған жұмыстар

«Ұстаз аты – биік, әрі мәңгілік»

Бүгін С.Рахымов атындағы № 4 жалпы орта мектебінде Мақтаарал ауданының білім бөлімі мен Мақтаарал ауданы кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен Ұстаздар күні мерекесі мен кәсіподақтар күні мерекесіне «Ұстаз аты-биік, әрі мәңгілік» атты салтанатты мерекелік іс-шара болып өтті.
Мерекелік іс-шараға аудан әкімі Б. Асанов, аудандық маслихаттың хатшысы Қ. Сарсекбаев,аудан әкімінің орынбасары Б. Төребеков, білім бөлімінің басшысы М. Серикбаев , аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы С. Мелдеханов, Нұр Отан партиясының бірінші орынбасары Асабаев Досым, Мақтаарал аудандық әжелер алқасының төрайымы Ш. Құрбанбаева, ардагер ұстаздар, мектеп директорлары ,бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағалары, тәрбие орынбасарлары және БАҚ өкілдері қатысты.
Мектептің басты тұлғасы, жүрегі - мұғалім. Егемен еліміздің ертеңін ойлар білімді де саналы, Отанын, туған жерін, ұлтын сүйетін ұлтжанды, парасатты азаматты тәрбиелеуде мұғалімнің еңбегі орасан зор екені белгілі. Айтулы іс-шараға аудан әкімі Бақыт Асанов арнайы қатысып, мерекемен ұстаздар қауымын құттықтады, алғыс хаттар табыстады.
Сіздерді Ұстаздар күні мерекесімен және білім қызметкерлерінің кәсіподағы күнімен аудан жұртшылығы атынан шын жүректен құттықтаймын! Білім ордасы – мектеп жас ұрпақты тәрбиелейтін киелі де қасиетті мекен. Ал, сол мектептің негізгі тірегі – білімді де, білікті ұстаз. Заман талабына сай әр баланың қабілетіне қарай дарындылығын дамыту, дүбірлі білім жарыстарында жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шәкірт шығару Сіздердің ерен еңбектеріңіздің жемісі" - деді Бақыт Насырханұлы.
Мақтаарал ауданы білім бөлімінің басшысы М. Серикбаев өз сөзінде:
Ұстаздар жайында халқымыздың ұлы батыры Бауыржан Момышұлы «Ұстаздық — ұлық емес, ұлы қызмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді… Өмірге ұрпақ берген аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз” деген, ендеше өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, шәкіртінің жанына нұр құйып, өмірге өзі де бақытты болып, өзгелерді де бақытқа жеткізсем деп жүретін ұстаздардың жөні де, жолы да бөлек.Осындай жолы мен жөні бөлек аяулы ұстаздарымыз – шәкірттерінің мақтанышы ғана емес, бүкіл ел мақтанышы”,- деп өз сөзін қорытындылады және мақтаулы ұстаздарға мақтау қағаздарын табыстады.
Мерекелік іс-шара концерттік бағдарламаға ұласты.
Қоғамның әрбір жаңалығын жылы қабылдап шәкірттердің бойына жеткізе білумен қатар, бойындағы бар жинап - терген білімін оқушылардың санасына сапалы етіп сіңіре білген, балалардың білімді, парасатты болып шығуын мақсат еткен Қымбатты да, қадірлі ұстаздар қауымы төл Мерекелеріңіз құтты болсын!

На изображении может находиться: 6 человек, в том числе Руслан Айымбет и Максат Байтемиров

На изображении может находиться: 6 человек, свадьба и в помещении

На изображении может находиться: 9 человек, в том числе Гульмира Оракбаева и Каракас Ибадуллаева, люди улыбаются, люди стоят, свадьба и в помещении

На изображении может находиться: 11 человек, в том числе Ремида Жакипбекова и Мақтаарал Ауданы Әкімдігі, люди стоят, свадьба и в помещении

На изображении может находиться: 4 человека, в том числе Нұрлан Есенғазы и Максат Байтемиров, люди стоят и костюм

2019 жылдың 27 қыркүйегінде Мақтаарал ауданындағы 5 мектепте: №8 О. Бапышев, №17 Абай, №39 Жамбыл, №50 "Үлгілі" №53 Ғ.Мүсірепов атындағы жалпы орта мектептерінде IT сыныптары ашылды.
«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында ашылып отырған ІТ сыныптар оқушылардың қазіргі заман талабына сай білім алуына мүмкіндік береді. Аталған сыныптарда 8-16 жас аралығындағы балалар робот техникасының негіздері және оларды бағдарламалау бойынша Еуропалық білім беру стандартына сай тереңдетілген білім алады. Бұл бастама мектептерге факультативті пән ретінде енгізіліп, элективті курс ретінде жүргізіледі.
Алдағы уақытта Абылайхан атындағы жалпы орта мектебінде тағы IT сынып ашу жоспарлануда.

 

 

Адами капиталды дамытудың көзі ретінде қазақстандық білім беру мазмұнын жаңарту

Адам ата - анадан туғанда есті болмайды:
естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе,
дүниедегі жақсы жаманды таниды дағы,
сондайдан білгені, көргені көп болған
адам білімді болады
Абайдың 19-шы қара сөзі
2019 жылдың 27 тамыз күні Мақтаарал ауданы білім беру саласындағы қызметкерлерімен «Адами капиталды дамытудың көзі ретінде қазақстандық білім беру мазмұнын жаңарту» тақырыбында дәстүрлі тамыз кеңесі болып өтті. Тамыз кеңесіне білім бөлімінің ұйымдастыруымен жоғарғы дәрежедегі педагогикалық көрмелер қойылды.Кеңес қатысушылары педагогикалық көрмелердегі озық іс-тәжірбиелерімен танысып ,мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының дайындаған гүлдер композициясын тамашалады.Мақтаарал ауданы педагогтарынан құрылған «Мақтаарал сазы» оркестрі қазақтың әсем ән күйінен кеңес қатысушыларына көтеріңкі көңіл-күй сыйлады, мектеп оқушыларынан құралған көркемөнерпаздар, әсем бишілері би билеп, әуенді әндерін шырқады.
Салтанатты жиынға ауданның 56 мектептің басшылары мен ұстаздары және бала бақшалар меңгерушілері, Мақтаарал ауданының әкімі Асанов Бақыт Насырханұлы, мәслихат хатшысы Сәрсекбаев Қадыр Тұрарұлы «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Асабаев Досым Тұрғанбайұлы, Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының орта білім беруді дамыту бөлімінің бас маманы Қадырбекова Анапия Арыстанбайқызы Кентау «Білім – инововация ер балалар лицей-интернаты директоры Үркімбаев Рахым Халилуллаұлы және білім саласының ардагерлері, кенттер мен ауылдық округтер әкімдері қатысты.
Білім саласындағы 1 жылда атқарылған жұмыстарға шолу жасалды. Аудандағы білім беру жүйесінің дамуы бойынша дайындалған бейнероликте «Мырзакент» мектеп – гимназиясы оқушыларының ұстаздарды құттықтауы әрбір ұстазға ерекше сезім силағаны сөзсіз.
Тамыз кеңесін аудандық білім бөлімінің басшысы Серикбаев Мұратбек Тулапович ашып берді.
Кеңес барысында аудан әкімі Б.Асановтың баяндамасында адами капиталды дамыту үшін ауданымыздың білім беру мазмұнын түбегейлі жаңғыртуды басты назарда ұстау керектігін айта келе ұстаздарға жаңа оқу жылында шығармашылық толағай табыстар тіледі.
А.Қадырбекова өзінің құттықтау сөзінде білім беру қызметкерлеріне мемлекеттің қойып отырған міндеттерін жоғары дәрежеде орындауға шақыра келе, 1 жылдық тарихы бар Мақтаарал ауданының ұстаздарына 2019-2020 оқу жылы табысты, сәтті жыл болуына тілектестігін білдірді.
Мақтаарал ауданының білім бөлімінің басшысы М.Серикбаев баяндамасында қоғамымыздың ең беделді де белсендісі де – ұстаз дей келе, білім бөліміне қарасты білім беру ұйымдарының жетістіктеріне тоқталып өтті.
Жарыс сөзге ардагерлер кеңесінің төрағасы Мелдеханов Сейіткерім «Жаңартылған білім беру бағдарламасымен курста оқып келген ұстаздардың жұмысына сараптама жүргізу керектігін және ауданымызда гимназия мектебін ашуды ұсынды.
Қ.Сәтбаев атындағы ЖОМ-ның математика пәні мұғалімі Н.Әлімбетов жарыс сөзге шығып, «білім сапасын арттыру үшін, мұғалімнің біліктілігін, шеберлігін арттыру қажеттігін атап өтті.
Тамыз кеңесін аудан әкімі Б.Асанов қорытындылады.
Кеңестің екінші бөлімінде білім беру ісінің үздіктерін Республикалық, облыстық аудандық марапаттар табысталды.
Қай заманда, қай қоғамда болмасын адамзат баласы жас ұрпақтың тәрбиесіне зор мән берген. Қазіргі қарыштап дамыған елде, ең алдымен, ұрпақ тәрбиесіне аса мән беріліп отырғаны белгілі. Себебі ұлттың бүгіні де, болашағы да өскелең ұрпаққа байланысты. Осы тұста мектептің алдына қоятын басты мәселелерінің бір - өркениетті, азаматтық – адамгершілік қасиеті мол, сондай-ақ ұлттық құндылығын жоғалтпаған, бәсекеге түсе алатын биік, өрелі, терең білімді ұрпақ тәрбиелеу әрбір ұстаздың борышы, міндеті.

ҰЛТТЫҚ БІРЫҢҒАЙ ТЕСТІЛЕУ АЛДЫНДАҒЫ БАЙҚАУ СЫНАҒЫ ӨТТІ

2019 жылдың 11 маусым күні Мақтаарал ауданында биылғы мектеп бітіретін мектеп түлектерінің Ұлттық бірыңғай тестілеу алдындағы байқау сынағы болып өтті. Байқау сынағының мақсаты; Оқушылардың білім сапасын анықтау және жаңадан ашылған тестілеу орталығымен таныстыру.
Байқау сынағы барысында ҰБТ кезіндегідей барлық талаптар сақтала отырып жүргізілді. Сынақты жалпы 52 мектептен 948 оқушы 2 лекте тапсырды.

 

ЖАҢА БАСШЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық Кодексінің 40, 42 баптарына, «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6 бабының 4 тармағының 3, 5 тармақшаларына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 18 бабына және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 12 ақпанындағы №70 «Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу пункттері туралы» Қазақстан Республикасы 2008 жылғы 12 наурыздағы №115 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бұйрығыны сәйкес
Мақтаарал ауданындағы жаңадан құрылған «Мақтаарал ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қарасты «№172 Мақтаарал аудандық Ұлттық біріңғай тестілеу өткізу пункті» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директорлық лауазымына Саулебаев Бауыржан Абдизакирович тағайындалды. Саулебаев Бауыржан 1984 жылы 28 қаңтар күні туылған. Жоғарғы білімді. Сырдария университетінің «Физика және математика» факультетін, математика мамандығы бойынша 2005 жылы аяқтаған. Еңбек жолын 2005 жылы «Сырдария » университетінде кафедра ассистенті болып бастаған. 2006-2008 жылдар аралығында «Сырдария» университетінде математика мамандығы бойынша магистратураны оқып тамамдады. 2008 жылдан аталмыш унверситетте математика пәні мұғалімі, 2009-2013 жылдары аға оқытушы, 2015 жылы Б.Соқпақбаев атындағы жалпы орта мектебінде математика пәні мұғалімі, 2015 жылдан қазіргі уақытқа дейін «Сырдария» Унверситетінің аға оқытушысы қызметімен қатар, 2018 жылдан бері №8 О.Бапышев атындағы жалпы орта мектебінде математика пәні мұғалімі қызметін қоса атқарып келеді.
Жеке қасиеттері: жауапкершілікті, нақтылықты, мақсат қоюды, белсенділікті бірінші орынға қояды.
Өнерге, спортқа, ғылымға қызығады.
Саулебаев Бауыржан Абдизакировичке жаңа қызметте шығармашылық табыстар тілейміз!

IT сынып ашылуы

Тұңғыш Президент күні қарсаңында Мақтаарал ауданында 3 мектепте IT сынып ашылды. «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жергілікті жерде орындау мақсатында ашылып отырған сыныптар мақтааралдық оқушылардың қазіргі заман талабына сай білім алуына мүмкіндік беріп отыр. Аудан орталығындағы №4 Сабыр Рахымов атындағы жалпы орта мектебі мен «Мырзакент» мектеп-гимназиясынан бөлек, Атакент кентіндегі «Мақтаарал» мектеп-гимназиясында да IT сынып ашылды. IT сыныптарда 8-16 жас аралығындағы балалар бағдарламалау және робот техникасының негіздері туралы Еуропалық білім беру стандарты бойынша тереңдетілген білім алады. Бұл бастама мектептерге факультативті пән ретінде енгізіліп, элективті курс ретінде жүргізіледі.

 

jumys.sitcen.kz жобасы

МАҚТААРАЛДА БІЛІМ САЛАСЫН ЦИФРЛАНДЫРУ БОЙЫНША МӘЖІЛІС ӨТТІ

Мақтаарал ауданында білім саласын цифрландыру бойынша арнайы мәжіліс өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасары С.Сұлтанханов, облыстық білім басқармасының бас маманы Т.Исмайлов, аудандық білім бөлімі басшысының м.а. М.Бабашев, аудандық білім бөлімінің қызметкерлері мен бөлімге қарасты білім беру ұйымдарының басшылары қатысты.

Жиналыстың күн тәртібінде «Цифрлы Қазақстан»мемлекеттік бағдарламасын іске асыру, бос жұмыс орындары туралы мәліметті jumys.sitcen.kz сайтына орналастыру жұмыстарын жандандыру, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу, кадрларды қабылдауды электронды жүзеге асыру жұмыстарын жүргізу, бос жұмыс орындарын ашық түрде жариялау мәселелері қаралды.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша аудандық білім бөлімінің басшысы міндетін атқарушы М.Бабашев «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында ауданның білім саласында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде баяндама жасады. Сондай-ақ, ол облыстық білім басқармасының 2018 жылғы 20 сәуірдегі «Оңтүстік Қазақстан облысы білім беру процесін автоматтандыру туралы» №123 бұйрығына сәйкес, Мақтаарал ауданының барлық білім беру ұйымдарындағы бос жұмыс орындарына кадрларды қабылдау және білім беру ұйымдарының басшыларын тағайындау процесі jumys.sitcen.kz сайты арқылы қатаң жүргізу қажеттілігін атап өтті.

Түркістан облыстық білім басқарамасының бас маманы Т.Исмайлов jumys.sitcen.kz жобасы Республикадағы 100 үздік жоба қатарына қосылып, Президент әкімшілігінің аппаратында арнайы бекітілгенін тілге тиек етті. Аталған жобаны облыстық Прокуратура қолдап отырғанын, жоба мектеп директорларына сапалы кадр іріктеп алуға зор мүмкіндік беріп отырғандығын хабарлады.

Күн тәртібіндегі кезекті мәселе бойынша сөз сөйлеген аудан әкімінің орынбасары С.Султанханов ҚР-ның «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңындағы кейбір баптарға тоқталды. Аталған заңда жариялылық пен ашықтық талап етілгендіктен, бүгінгі таңдағы бос жұмыс орындары туралы хабарландырулар тұрақты түрде жарияланып отыруы керектігін ескертті.

Жиын барысында ауданның білім бөлімінің кадр қызметкері М.Сапаров сөз алып, мекеме басшыларына бос жұмыс орындарын ашық жариялау жөнінде бірнеше ұсыныстар айтты. Сондай-ақ, ол бүгінгі таңда аудандағы бос жұмыс орындары туралы хабарлама жасады.

Мәжілістен соң жиынға қатысушылар мен қонақтар №4 С.Рахымов атындағы жалпы орта мектебінде жаңадан ашылған «jumys.sitcen.kz» кабинетінің лентасын қиды. Мұнда білім беру ұйымдарындағы бос жұмыс орындарына үміткер азаматтар тест тапсырып, сынақтан өтетін болады.

Толығырақ

                                                                                                                                                                    

Тәрбие жұмыстары

Ұлтаралық татулықпен достық, ынтымақты насихаттау мақсатында 14-29 жас аралығында жастардан «Толеранттылық клубтары» құрылғаны.

Қылмыс пен құқықбұзушылықтың зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша АІІБ, білім бөлімінің бірлескен жоспары аясында ХҚКО, мектеп ауылдық округ, автовокзалдар, халық көптеп жиналатын орындарға сенім телефондары жазылып ілінді.

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының «Балаларды бірігіп қорғайық», «Лайықты ұрпақ тәрбиелейік» жобасы аясында ата-аналарға арналған бейнероликтер көрсетілді. Түнгі қалада 22.00-00.00 аралығында рейд ұйымдастырылып, ішкі істер басқармасының тергеу изоляторларына экскурсия ұйымдастырылды. Ата-аналар комитетінің төрағалары қатысуында балаларды қараусыз қалдыру салдары туралы жиын өткізіліп түсіндірілді.         

Аудан прокуратурасының қызметкерлерінің қатысуында «Прокурордың 100 кеңесі» барлық мектептердің ата-аналар жиналысында біргелікте түсіндірілді.

Кәмлетке толмағандар арасындағы қылмыстың алдын алу мақсатында «Адал ұрпақ» клубы құрылды 1-11 сынып оқушылар қамтылып түрлі салаларда жетістіктерге жеткен азаматтардың қатысуында түсіндірілді. ұйымдастырылды.

Аудан прокуратурасы және аудандық ата-аналар комитетінің төрағалары қатысуында ата-аналарға қауіпті интернет сайттарға кіруді ата-аналық қадағалау туралы үндеу жарияланды

Білім беру ұйымдарынан оқушының үйіне дейінгі аумақтағы қауіпті орындар анықталып, Қауіпсіз мектеп картасы 124 мектепке орнатылып, оқушылардың күнделіктеріне ендірілді, сонымен қатар оқушылардың жолда жүру аумақтарына қатысты аудан әкімі аппаратына, тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жол қатынастары бөліміне бірнеше рет хат жолданды.

Ата-аналар мен мектептердің байланысын арттыру мақсатында барлық білім беру ұйымдарында 2017 жылдың қаңтар, наурыз, мамыр айларында «Ата-ананың мектептегі алатын орны» тақырыбында «Ашық есік күндері» ұйымдастырылды. Өз қызметкерлерін балаларының сабақтарына қатыстыру үшін аудандағы мекемелерге арнайы хаттар жолданды.

 

Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру бағдарламасының «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасы бойынша атқарылған жұмыстар.

 

 Мақтарал аудандық білім бөлімі тарапынан Рухани жаңғыру аясында «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасы орындау мақсатында 2017-2018 оқу жылында атқарылатын іс-шаралар жоспары бекітіліп, жұмыстар жүргізілуде.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру мақаласы аясында «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасының «Өлкетану» бағыты бойынша 852 оқушымыз облысымыздың тарихи, мәдени орындарына саяхаттап қайтты. Бағдарлама аясында «Қазақстан тарихы», «География» және «Қазақ әдебиеті» пәндері бойынша білім беру ұйымдарында «Туған ел» кең ауқымды мақсатқа бағытталған «Туған жер» бағдарламасын іске асыру барысында сабақты мұражайларда, мәдени ұйым салаларында, тарихи ғимараттарда (мектептен тыс жерлерде) өткізу жоспары бекітілді. Қазіргі таңда бекітілген жоспарға сәйкес 2017-2018 оқу жылының басталғанына аз уақыт болғанына қарамастан 28 сабақ тарихи орындарда, мұражайларда, табиғат аясында, кәсіпорындарда өткізілді. Бұл іс-шара оқу жылының соңына дейін жалғасын табатын болады.

Сонымен қатар, барлық мектептерде «Түлектер тақтасы» орналастырылған. «Түлектер тақтасы» ұйымдағы баршаға көрінетін жерге орналастырылды.

«Туған жерге туыңды тік» ауылдан шыққан танымал тұлғалармен мектептерде кездесулер өткізілуде, осы шаралар барысында шақырылған танымал тұлғалар мектептерге түрлі көлемде демеушілік жасауда. Кездесулер тұрақты жалғасады.

Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында «Ұлы онертапқыштыққа алғашқы қадам» облыстық инновациялық конкурстан «Тұран» гимназия мектебінің 11 сынып оқушысы Оразқожа Бақытжан Төлегенұлы дәрежелі І-орынды иеленіп Республикалық кезеңге қатысуға жолдама алды.

Ғаламдану процесінде ұлт ретінде сақталып қалудың негізгі шарттарының бірі ретінде «Мәдени-генетикалық код: тарих, салт-дәстүр» тақырыбында тарихшылар конференциясы өтті. Жиында мәдениет, өнер, салт-дәстүр және көркем әдебиеттің болашағы туралы ойлар ортаға салынды.

Мақтарал ауданыныңдағы барлық 125 білім беру ұйымында «Туған жер» арнайы жобасының «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасына арналған стендтер орналастырылып, бағдарлама бойынша жұмыстар жалғасуда.

АТА-АНАЛАР ФОРУМЫ
Мақтарал аудандық білім бөлімі ұйымдастырған «Рухани жаңғыру отбасынан басталады» атты ұрпақ тәрбиесіне ұлағат болатын аудандық ата-аналар форумы болып өтті. 
Алқалы жиынның басты мақсаты балалар мен жасөспірімдер арасындағы келеңсіз жағдайлардың алдын алу және білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмыстарын жетілдіру, ата-аналардың бала тәрбиесіндегі белсенділігін арттыру, бала тәрбиесіне байланысты мәселелерді ортаға салу және оңтайлы шешу жолдарын іздестіру, тәжірибеге енгізу болып табылады.
Ата-аналар форумына облыстық әдістемелік кабинетінің тәрбие бөлімінің басшысы З.Алтаева, Мақтарал аудан әкімінің орынбасары М.Жолдасбеков және де үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері, мектеп басшылары, ата-аналар кеңесінің төрағалары, БАҚ өкілдері қатысты.
Еліміздің және өз отбасының болашағы болатын ұл-қыздарының тәрбиесіне бей-жәй қарамайтын әрбір азаматтың көкейіне ой тастаған маңызды іс-шара болды.

Copyright © 2022, «Мақтаарал ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі
Мекен жайы:индекс 160547, Мақтаарал ауданы Жеңіс көшесі 10 үй
Телефон: +7 (72541) 2-10-50

Канцелярия: +7 (72541) 2-10-60
Приемная : +7 (72534) 2-10-60
e-mail: roo_maktaаral@mail.ru