Шымкент қаласында Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінің базасында жалпы білім беретін пәндер бойынша мектеп оқушылары арасында өткен республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі өз мәресіне жетті. Үш күнге созылған білім додасында ауданымыздың оқушылары да 11 пәннен сынға түсті.
Аламан білім бәйгесіне Мақтаарал ауданының білім беру ұйымдарынан барлық пәндер бойынша аудандық кезеңнің нәтижесінде жеңімпаз атанған 42 оқушы қатысты.
Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі теориялық және тәжірибелік кезеңдер бойынша өткізілді. Облыстық олимпиаданың жеңімпаздары Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінің мәжіліс залында салтанатты түрде марапатталды. Оқушыларымыз жоғары теориялық білімдерін көрсетіп, нәтижесінде 26 оқушы І, ІІ, ІІІ дәрежелі диплом, 4 оқушы номинация иеленді.
Білім додасының жеңімпаздары, ауданымыздан 4 оқушы, жаратылыстану-математика, гуманитарлық бағыттағы пәндерден наурыз айында Қарағанды және Талдықорған қаласында өтетін олимпиданың республикалық кезеңінде білімдерін сарапқа салады деп күтілуде.
Мақтааралдың мақтаныштары, аламан білім бәйгесінің жүйріктері, олимпиаданың республикалық кезеңінде де озық нәтиже көрсететініне сенім білдіреміз.
Мақтааралдың мақтаныштары!
2019 жылдың 13 қараша күні Түркістан қаласы, №18 Ж. Еділбаев атындағы мектеп-гимназиясы базасында қазақ тілі , орыс тілі, ағылшын тілі, информатика, музыка, өзін-өзі тану пәндері және №27 жалпы орта мектебінің базасында химия, биология, география, математика, физика, тарих пәні мұғалімдеріне арналған республикалық «Педагогикалық идеялар фестивалі» байқауының облыстық кезеңінен Мақтааралдың мақтаныштары топ жарды.
Фестивальдің мақсаты - педагогтардың шығармашылық өзін-өзі жүзеге асыруын және кәсіби өсуін ынталандыру, Қазақстан мектептерінің мұғалімдерінің инновациялық тәжірибесін зерделеу және тарату.
Мақтаарал ауданы білім бөлімі бүгін облыстық «Педагогикалық идеялар-2019» байқауында «Жаңа жол» атындағы №25 жалпы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Гульжахан Мустафаева озық педагогикалық идеясымен, креативті шығармашылық іс-тәжірибесімен бөлісіп,сайыстың облыстық кезеңінде І орынға ие болып, республикалық кезеңге жолдама алды.
ІІ орынды қанжығасына байлаған «Жаңа жол» атындағы №25 жалпы орта мектебінің физика пәнінің мұғалімі А.Битанова, М.Ғабдуллин атындағы жалпы орт мектебінің өзін-өзі тану пәнінің мұғалім Р.Сайпова, №9 жалпы орта мектебінің ағылшын тілі пәнінің мұғалім Г.Ботбай еңбегінің нәтижесін, педагогикалық тәжірибесімен бөлісіп, белсенді және өз шығармашылықтарымен бөлісті.
ІІІ орынды М.Ғабдуллин атындағы жалпы орта мектебінің химия пәнінің мұғалімі Б.Расулова, Ж.Нұрлыбаев жалпы орта мектебінің биология пәнінің мұғалімі А.Исаева, «Мақтарал» МГ-ның математика пәнінің мұалімі Н.Нарбекова, М.Ғабдуллин жалпы орта мектебінің география пәнінің мұғалімі Ж.Абутаев, М.Ғабдуллин жалпы орта мектебінің информатика пәнінің мұғалімі А.Қарабаев, М.Ғабдуллин жалпы орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Г.Сулеймбекова ұтқыр білім беру ортасында тиімді жұмыс істеу үшін педагогтардың шығармашылық мүмкіндіктерін ашу, оқыту әдістемесі мен технологияларын жетілдіру, тәжірибе алмасу, мұғалім мамандығының мәртебесін арттыру, заманауи мектептің кадрлық әлеуетін қолдау, Қазақстанның мәдени-білім беру кеңістігінің бірлігін сақтауға және нығайтуға үлкен үлес қосаты.
Еңбек жолында толағай табыстарға жетіп, Республика деңгейіне көтеріліп, абыройыңыз асқақтай берсін!
Ағымдағы жылдың 12-14 қараша аралығында «Бөбек» ҰҒПББСО базасында «Өзін-өзі тану» пәні бойынша РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДА өткізілді. Олимпиадада Түркістан облысының намысын Мақтааралдықтар қорғады. Балалар мен жасөспірімдердің құндылық бағыттарын қалыптастыру, шығармашылық әлеуетін дамыту, өзін-өзі кемелдендіруге, рухани-адамгершілік білім беруге, тұлғалық қасиеттер мен азаматтық ұстанымдарын көрсету мақсатында ұйымдастырылып отырған Республикалық олимпиадаға облыстық кезеңде «БАС ЖҮЛДЕ» алған Мақтаарал ауданы, Қ.Қайсенов атындағы №51 жалпы орта мектептің өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Пратаева Гүлбайра мен 8 сынып оқушылары Досан Гаухар, Тәңірберген Димаш, Шүренбай Жанел РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ДОДАДА өз білімдерін сынап, жүлделі ІІ орынға ие болды. МАҚТААРАЛДЫҚТАР жеңіс құтты болсын!
2019 жылы 9 қазан күні Түркістан облысы әдістемелік орталығында информатика пәні мұғалімдер арасында өткізілген «Бағдарламалар негіздері» облыстық байқауында №35 «Болашақ» ЖОМ Ешмурзаева Айнур ІІІ орынға иеленгені үшін марапатталды.
2019 жылдың 23 қазан күні Түркістан қаласы, С.Рахымов атындағы жалпы орта мектеп базасында «Өзін-өзі тану» пәні бойынша оқушылар олимпиадасының облыстық кезеңі болып өтті. Олипиаданың мақсаты білім беру ұйымдарындағы оқушылардың өзін-өзі тану пәніне қызығушылығын дамыту, оларды рухани-адамгершілік құндылықтарға тарту, балалардың шығармашылық әлеуетін жандандыру, шығармашылық бастмамашылдығын дамыту. Байқауда Мақтаарал ауданының намысын Қ.Қайсенов атындағы №51 жалпы орта мектептің өзін-өзі тану пән мұғалімі Пратева Гүлбайра Еркараевнаның жетекшілігімен «Жүрек нұры» атты 8 сынып оқушыларынан құралған команда оқ бойы озып «БАС ЖҮЛДЕНІ» иеленіп қайтты.
Білімімен мыңды мойындата білген жеткіншектерді, жетекшісімен бірге Мақтаарал ауандық білім бөлімінің басшысы М.Серикбаев арнайы қабылдап, жетістіктерімен құттықтады. Республикалық додада Түркістан облысының намысын Мақтаарал ауданының жас жеткіншектеріне қорғауды тапсыру, үлкен жауапкершілікті талап ететіндігін айта отырып, облыс үмітін ақтау үшін дайындықты күшейтуді тапсырды. Жеткіншектердің алар асуы биік болсын!
«Түркістан облысының әдістемелік орталығы» КММ ұйымдастыруымен білім беру ұйымы басшыларының «Табысты менеджер - 2019» облыстық байқауы (әрі қарай - Байқау) 2019 жылғы 16-22 қазан аралығында өткізілді.
Облыстық байқау Қазақстан Республикасының 2016-2019 жылдарға арналған білім беру және ғылымды дамытудың Мемлекеттік Бағдарламасын жүзеге асыру аясында өткізілді. Байқау жалпы білім беретін және негізгі білім беру ұйымдары басшыларының шығармашылығын дамытуға бағытталды.
Шығармашылықпен жұмыс жасайтын басшыларды анықтау, қолдау, мадақтау және ҚР білім беру ұйымының озық инновациялық менеджерін насихаттау мақсатында өткізілген облыстық байқауда Мақтаарал ауданы білім бөлімінің М.Тоқжігітов атындағы жалпы орта мектебінің директоры Тұрғаутова Динара Пернебекқызы жүлделі ІІ орынды иеленіп, аудан мәртебесін көтерді.
Сондай-ақ негізгі орта мектептері арасында өткізілген осы байқауда Хамид Әлімжан атындағы негізгі орта мектебі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Көгенбаева Гүлзейнеп ІІІ орынды иеленіп, ауданға жүлделі орынмен оралды.
Жеңімпаз ұстаздарымызға мемлекеттік жүйедегі білім беру ұйымы басшысының әлеуметтік және кәсіби имиджін қалыптастыру жолында атқарып жатқан жұмыстарыңызға шығармашылық және толағай табыс тілейміз!
Алматы қаласында өткен «Balbulaq балалар шығармашылық орталығы» балалар мен жасөспірімдер байқауында хореография номинациясы бойынша көрсеткен айрықша өнер, дарынды қабілет пен рухани өркендеу жолындағы еңбегі үшін А.Пушкин жалпы орта мектебінің «Балауса» би тобы І орын иеленгені үшін білім бөлімінің басшысы М.Серикбаев құттықтады. «Balbulaq балалар шығармашылық орталығы» жас ұрпақты өнерге баулып, шығармашылық деңгейін дамытып тәрбиеленгені үшін білім бөлімінің басшысы М.Серикбаевқа алғыс білдірді.
2019 жылғы 26 қыркүйекте Түркістан қаласында облыстағы оқушылар арасында «Болашақ жұлдыздары - 2019» байқауы өтті. Байқауға Мақтаарал ауданынан орта топтар арасында көркем сөз бойынша ІІІ дәрежелі дипломмен Т. Аубакиров атындағы жалпы орта мектебінің оқушысы Мәденбай Ғалымжан марапатталды.
Вокал жанры бойынша Қ.Сәтбаев атындағы жалпы орта мектебінің оқушысы Әбдіқадір Елнұр марапатталды. Жоғары топтар арасындағы терме жанры бойынша ІІІ дәрежелі дипломмен Соқпақбаев атындағы жалпы орта мектебінің оқушысы Қалыбек Абзал өнер биігінен көрінді.
2019 жылдың 1 қазан күні Түркістан қаласында жалпы орта білім беру ұйымдарының математика, физика, география химия, биология, тарих пән мұғалімдеріне арналған Республикалық «Үздік авторлық бағдарлама» сырттай байқауының жеңімпаздарын облыс деңгейінде марапаттау рәсімі болып өтті. Байқаудың мақсаты пәндер бойынша таңдау курстарын, арнайы курстар, оқу пәндерінің авторлық бағдарламаларын құрастыратын үздік мұғалімдердің алдыңғы қатарлы авторлық тәжірибесін анықтау және тарату болып табылады. Шығармашылық қызметтің нәтижелерімен, педагогикалық идеяларымен және жобаларымен бөліскен мақтааралдық үздік деп танылған Ұстаздардың жұмыстары мақтау қағазы мен бағалы сыйлықтармен марапатталды. Атап айтар болсақ, Т. Аубакиров атындағы жалпы орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Тарбия Алибекова Бас жүлдені иеленсе, С. Датұлы атындағы жалпы орта мектебінің физика пәнінің мұғалімі Замира Қалилаева жүлделі ІІ орын, С. Торайғыров атындағы жалпы орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі Айымкул Булекбаева жүлделі І орын, Ы. Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебінің биология пәнінің мұғалімі Баян Тұтымова жүлделі ІІ орын, Қ. Үкібаев атындағы жалпы орта мектебінің химия пәнінің мұғалімі Айгул Бурисова жүлделі ІІ орын, «Нұрлы таң» жалпы орта мектебінің география пәнінің мұғалімі Назира Мырзалиева жүлделі ІІ орынды иеленіп, ауданымыздың білім саласының мерейін биікке асқақтатты.
Жүлдегер Ұстаздарымызды төл мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз, жас ұрпаққа сапалы білім беруде биік белестерді бағындыра беріңіздер!
Ұстаздар мерекесі құтты болсын!
2019 жылы 17 қазан күні Түркістан қаласында мұғалімдер арасында өткен «Өнерлі ұстаз – 2019» облыстық байқауында Мақтаарал ауданының білім бөліміне қарасты «Мырзакент» мектеп гимназиясының мұғалімі Досым Мақпал шығармашылық бастамалары, сан қырлы өнері және кәсіби шеберлігімен көзге түсіп, жүлделі II орынға ие болды. Сонымен қатар, облыстағы жалпы орта білім беретін мектеп мұғалімдері арасындағы «Үздік сынып жетекшісі» байқауында білімді, саналы, рухани құндылықтарды бойына қалыптастырған жеке тұлғаны тәрбиелеуде ұстаздық шеберлігімен танылған Мақтаарал ауданының білім бөліміне қарасты С.Тұяқбаев атындағы жалпы орта мектебінің мұғалімі Ермаганбетова Гульназ бас жүлдені жеңіп алып, ауданымыздың абыройын асқақтатты.
Аудан мерейін үстем еткен мұғалімдерімізді білім бөлімі басшысы М.Серикбаев марапаттап , шығармашылық табыс қажымас қайрат тілей отырып, алдағы байқауларда жүлделі орындардан көрінулеріне тілектестігін білдірді.
2019 жылы 2 қазан күні Түркістан облысы Кентау қаласында Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында Кентау қаласы күні мерекесіне орай ұйымдастырылған «Кентауым – мәуелі гүл бағым» аймақтық композиторлар байқауы болып өтті. Барлық аудандардан қатысқан аймақтық байқауға – ауданымыздан Сырым Датұлы атындағы жалпы орта мектебінің ән-саз пәнінің мұғалімі Қызылқұлов Абдулла ағайымыз жоғарғы деңгейде өнер көрсетіп Жүлделі III-орынға ие болып, 20000 мың теңгелік сертификатпен марапатталды.
Аудан мерейін үстем еткен Қызылқұлов Абдулла ағайымызға білім бөлімі басшысы М.Серикбаев мақтау громатасымен марапаттап , шығармашылық табыс қажымас қайрат тілей отырып алдағы байқауларда жүлделі орындардан көрінуіне тілектестік білдірді.
2019 жылы 2 қазан күні Түркістан облысы Кентау қаласында Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында Кентау қаласы күні мерекесіне орай ұйымдастырылған «Кентауым – мәуелі гүл бағым» аймақтық композиторлар байқауы болып өтті. Барлық аудандардан қатысқан аймақтық байқауға – ауданымыздан Сырым Датұлы атындағы жалпы орта мектебінің ән-саз пәнінің мұғалімі Қызылқұлов Абдулла ағайымыз жоғарғы деңгейде өнер көрсетіп Жүлделі III-орынға ие болып, 20000 мың теңгелік сертификатпен марапатталды.
Аудан мерейін үстем еткен Қызылқұлов Абдулла ағайымызға білім бөлімі басшысы М.Серикбаев мақтау громатасымен марапаттап , шығармашылық табыс қажымас қайрат тілей отырып алдағы байқауларда жүлделі орындардан көрінуіне тілектестік білдірді.
Алматы қаласында Республикалық «Bal Bulaq» балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы ұйымдастарған онлайн байқауға Мақтаарал ауданына қарасты А.Пушкин атындағы №3 жалпы орта мектебінің «Балауса» би тобы қатысып, хореография номинациясы бойынша бас жүлдемен марапатталды.
Облыстық «Жаңа тыныс» фольклордық ансамбльдердің фестивалі 2019 жылы 12 қыркүйек күні Жетісай қаласындағы Қ.Жандарбеков атындағы драма театрында өткізілді. Онда 11 ауданнан фольклорлық ансамбльдер қатысты. Мақтаарал ауданының атынан мектеп мұғалімдерден құралған «Мақтаарал сазы» фольклорлық ансамбілі қатысып, жоғары деңгейде өнер көрсеткені үшін мадақтамамен марапаталды және 35.000 теңге сертефикаттар берілді.
2019 жылдың 5-7 тамыз күндер аралығында Сарыағаш ауданында өткен Баскетболдан 2005 жылғы туылған жасөспірімдер арасында «Достық» облыстық іріктеу жарыстары өтті. Өтілген жарыстың қорытынды нәтижелері бойынша қыздарымыз 2-орын иеленсе, ұлдарымыз ауданымыздың мерейін үстем етіп жүлделі 1-орынды иеленді. Ендігі кезекте облыстық кезеңнен топ жарған Мақтааралдық ұлдар командасы Республикалық деңгейде өтетін сайыстарда Түркістан облысының намысын қорғайтын болады. Жас баскетболшыларымыз ауданымыздың Қ.Мүсірепов ЖОМ, «Мырзакент» МГ, Абылайхан ЖОМ-ның үздік оқушыларынан іріктелді.
Үздік нәтижелерге қол жеткізген ауданымыздың жас баскетболшыларын бөлім басшысы М.Серикбаев құттықтап, мақтау қағаздарымен марапаттады және алдағы уақыттағы байқауларға сәттілік тіледі.
© Мақтаарал ауданы
білім бөлімі
Болашаққа бағдар: «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында халық арасында ұлттық төл өнерімізді сақтап, дамыту жолында еңбек етіп жүрген ұстаздардың жұмыстарын өскелең ұрпаққа танытып, қасиетті ұлтымыздың ұлттық құндылықтарын сақтай отырып еңбекке баулу мақсатында шеберлік сынып арқылы шығармашылықпен жұмыс жасайтын ұстаздарды анықтау және озық тәжірибесін тарату мақсатында 2019 жылдың 7 маусым күні Түркістан қаласында өзін-өзі тану пәнінің мұғалімдеріне арналған «Шығармашылық жұмыстар шеберханасы» атты сырттай байқау болып өтті. Байқаудың қорытындысы бойынша Мақтаарал ауданының атынан қатысқан №36 жалпы орта мектебінің өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Роза Оңғарова жүлделі І орынды иеленіп, бағалы сыйлықпен марапатталды.
Байқауға қатысушылар төменде көрсетілген талаптарды орындауы тиіс болатын.
1. «Өзін-өзі тану» пәні мұғалімнің шығармашылық іс-әрекеті: (сурет салу, макеттер, коллаждар мен өлең, әңгіме құрастыру т.б тәсілдер);
2. Сабақта кең көлемде көрнекі құралдарды пайдаланған, сабақты түрлендіріп өткізу сәті (видео ролик 40 мин.);
3. Мұғалімнің сыйына сабақта қолданатын құндылықтарға бағытталған шығармашылық жұмыстар;
4. Жаңа форматтағы мұғалім (өзін-өзі тану пәніне шығармашыл ұстаз ретінде қандай жаңалық қосар едіңіз);
5. Мұғалімнің портфолиосы.
«Шығармашылық жұмыстар шеберханасы» » атты облыстық сырттай байқауына қатысушылар төмендегідей бағалау критерийлерімен бағаланды.
1. Байқауға қатысушының кәсібилігі мен жаңашыл идеяларының ұсынылуы;
2.Жалпыадамзаттық құндылықтарды кәсіби аша алуы;
3.Ұлттық тәрбиені және салт-дәстүрді үйлестіре алуы;
4.Жаңашыл бағытта сабақ жүргізуі;
5. Мұғалімнің шығармашылық іс-әрекеті.
Бағалау критерийлері бойынша өте жоғары ұпай жинаған Роза Оңғарова ауданымыздың абыройын биікке асқақтатты.
Әділқазылар алқасының шешімімен жүлдегер атанған Мақтааралдық өзін-өзі танушы Розаға жалпыадамзаттық құндылықтарды бойына сіңіріп өскен саналы ұрпақ тәрбиелеуде шығармашылық биіктер тілейміз!
Қай заманда болмасын адамның ақыл-ойымен бірге алған ілім-білімі де жоғары бағаланған. Қазақ халқы «Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» деп, білім алудың артықшылығын мақалға қосқан. Білім мен ғылым дамыған сайын адамның ой-өрісі де өсіп, қоршаған ортаны тани түсіп, дүниетанымының өзгеретіні белгілі дүние. Соның бір айғағы Мақтаарал ауданы, «Үлгілі» жалпы орта мектебінің 5-8 сынып оқушылары «Балдаурен-Қапшағай» Республикалық оқу-сауықтыру орталығында 4-6 маусым күндері 2-8 сынып оқушыларына арналған «Балдаурен білгірі-2019» Республикалық зерттеу жұмыстары мен әлеуметтік жобалар байқауына қатысып, білім біліктілігінің арқасына жеңіс тұғырынан көріне білді. «Ғаламшар ғажайыптары» бағытында 8-сынып оқушысы Сәрсехан Жаңыл І дәрежелі дипломмен, «Ақпараттық технологиялар» бағытында 6-сынып оқушысы Мыңбосын Аслан І дәрежелі дипломмен, медальмен және «Балдаурен-Қапшағай» Республикалық оқу-сауықтыру орталығына 15 күндік жолдама жеңіп алды. Қазақ әдебиеті пәнінен 5-сынып оқушысы Төлеп Нұрмұхаммед ІІ дәрежелі дипломмен, математика пәні бойынша «Сандық есептер» бағытында 7-сынып оқушысы Жасұзақ Бибінұр ІІІ орын иеленді. Жеңімпаздарды Мақтаарал ауданының білім бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы М.Бабашев арнайы құттықтап, өрісі кең өрендердің өмірлеріне сәттіліктер тіледі.
2019 жылдың 22 мамыр күні Мақтаарал ауданының білім бөлімінің басшысы м.у.а М.Бабашев «Bilge» Халықаралық олимпиадасы және Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі А.Мұхамедиұлының атынан келген марапаттарды табыстады. «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру мақаласын іске асыруға бағытталған «Туған жер» бағдарламасы, «Бір күнде – бір жақсылық жасайық 1+1...» Республикалық акциясы аясында «Қабылданған дұрыс шешімдерім – менің өмірлік ұстанымым» атты облыстық эссе байқауына үздік эссе жолдаған С.Торайғыров атындағы №30 жалпы орта мектебінің 9-сынып оқушысы Бағдатұлы Сағадат, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Айгүл Булекбаева, Асия Тилеуовалар ҚР Мәдениет және спорт министрі А.Мұхамедиұлының арнайы алғыс хатымен марапатталды. Сонымен қатар, Абылайхан атындағы жалпы орта мектебінің «Білге» Республикалық бәйге олимпиадасының бас жүлдесі мен 200 000 теңге сертификаты математика пәні бойынша 6-сынып оқушысы Сатыбалды Рамазан мен қазақ тілі пәнінен 8-сынып оқушысы Сейдахметов Ералыға жеңіс бұйырып және 8-сынып оқушылары Құралбай Әкім 2-орынды, Балтабай Назерке 3-орынды қанжығалап қайтты.
Өнер - халық тарихының шежіресі. Өнер өрге жүзер деген халқымыз, перзентерін өнер білімге баулып тәрбиелеген. Соның бір айғағы Мақтаарал ауданының өнерпаз жасөспірімдері облыстық байқауда өрге жүзіп, бақтарын сынап қайтты. 2019 жылдың 15-мамыр күні Түркістан қаласында облыс оқушылары арасында өткен "Жастар-мәңгілік елдің болашағы" атты өнер фестивалі болды. Өнер фестивалінде үздік шығармашылық бастамалары, сан қырлы өнері рухани дамыған тұлғаны қалыптастырудағы еңбегі үшін Мақтаарал ауданының білім бөлімі және Мадияр Бабашев Түркістан облысының білім басқармасының 2-дәрежелі дипломымен марапатталды. Сонымен қатар Фестивальға ауданымыздан А. С. Пушкин атындағы ЖОМ, Абылайхан атындағы ЖОМ, Панфилов атындағы ЖОМ, "Мырзакент" МГ, "Мақтаарал" МГ, Қ.Қайсенов атындағы жалпы орта мектептерінің өнерпаз оқушылары қатысып қайтты. Үлкен додада өнерімен оқ бойы озып шыққан ұландарымыз облыстық фестивальдан жүлделі 2-орын иеленді. Өнерпаз оқушыларымызды аудандық білім бөлімінің басшысының міндетін уақытша атқарушы М.Бабашев арнайы құттықтап, өнердің биік шыңдарын бағындыруына тілектестігін білдірді.
«Шынықсаң – шымыр боласың» демекші, дене жаттығуы адам баласына қашан да пайдалы. Спорт – адамның рухани әлемі үшін де маңызды. Осы қағиданы жанына серік етіп жүрген Мақтаарал ауданында жасөспірімдер қатары күн санап артып келеді. Спорттық іс-шаралар қарқынды дамып, оқушыларымыз облыстық және аудандық сайыстарға қатысып, қанжығасы майланып, спорт қоржынын бірнеше жүлделі орындармен толтыруда. Солардың бірі №47 М.Тоқжігітов атындағы ЖОМ оқушылары Түркістан облыстық әдістемелік орталықтың ұйымдастырумен, Түркістан облысының оқушы қыздар және ұлдар арасында өтілген «Мен чемпион» балалар спорттық теледидар ойынының облыстық іріктеу жарысында жалпы командалық есепте
І орынды иеленіп, ауданымыздың абыройын асқақтатты. Үздік команданы дайындағаны үшін жетекшілері Абдубайтов Қалыбай мен Заманов Дәурен арнайы алғыс хатпен марапатталды.
Сондай –ақ , жастар жылы аясында баскетболдан 2004-2005 жылы туылған жасөспірім қыздар арасында С.Ерубаевтың жүлдесіне арналған ХХХІІІ-рет өткен жарыста І орынды ОБЖСМ командасының ойыншысы Тоқжігітов атындағы ЖОМ оқушысы Абдуллаева Гузаль Түркістан облыстық дене шынықтыру және спорт бөлімінің дипломымен марапатталды.
Облыстан жүлделі орын иеленген жеңімпаздарды Мақтаарал ауданының білім бөлімінің басшысының м.у.а М.Бабашев ауданымыздың намысын қорғау жолындағы жетістіктерімен құттықтап, болашақта биік белестерді бағындыруларына тілектестігін білдірді.
Түркістан облысының, Түркістан қаласының «Жастар орталығында» 2019 жылдың 26 сәуір күні Арыс қаласы әкімінің кубогына арналған спорттық және шығармашылық робототехникадан жастар арасында "Түркістанға тарту" атты облыстық чемпионаты өтті. Осы чемпионатқа білім бөлімінің ұйымдастыруымен жолдама алған жас шәкірттеріміз мына номинациялар бойынша жүлделі орындарды иеленіп, облыста жоғары деңгейде нәтиже көрсетіп қайтты. Атап өтсек: жас робототехник шәкірттері жүлделі «Кегель квадро» санатынан І орын, «Сызық бойымен жүру (кіші топ)» санатынан, «Лабиринт» санатынан ІІ орындар, «Сумо-жүретін робот» санаты және «Арқан тартыс» санаттары бойынша ІІІ орындар иеленді.
2019 жылы 4 сәуірде Түркістан облысының білім басқармасы мен облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өткен "RoboFestTurkestan 2019" облыстық байқауында Мақтаарал ауданының "Maqtaral Robotics" командасы жүлделі 1 орынды иеленді.
Облыстық Олимпиада орталығы оқушыларға серпін беру мақсатында жеңімпаздарды құнды сыйлықтармен марпаттады. Атап айтсақ, 1 орын иеленген С.Датұлы атындағы ЖОМ-нің оқушысы Усенбекова Айда жетекшісі Осимова Биғайша ПЛАНШЕТ, сондай ақ, жүлделі орын иеленген Ы.Алтынсарин атындағы ЖОМ-нің оқушылары Серікбай Айдана жетекшісі Тоғаева Айгүл мен Бекайдарұлы Наурызбай жетекшісі Пакеева Роза, А.Пушкин атындағы ЖОМ-нің оқушысы Естемир Динара, жетекшісі Зиналова Хошкадам, «Мырзакент» мектеп-гимназиясының оқушысы Шабден Аружан жетекшісі Жексенбаева Кулсан, Ғ.Мүсірепов атындағы ЖОМ-нің Тошболова Айнұр жетекшісі Алдабеков Сансызбай, «Үлгілі» ЖОМ-нің оқушысы Садуахас Дана жетекшісі Ақментаева Айгүл, Қажымұқан атындағы ЖОМ-нің оқушысы Холигитова Сахибо жетекшісі Бабамуратова Башарат және де «Асыл мұра» ЖОМ-нің оқушысы Мелибаева Шахсин жетекшісі Ахмедова Дилфузаларға СМАРТФОН сыйлықтары табысталды.
Облыс орталығы Түркістан қаласынан топ жарып келген оқушыларымызды және олардың ата-аналары мен ұстаздарын Мақтаарал ауданының білім бөлімінің міндетін уақытша атқарушы М.Бабашев пен Әдістемелік кабинеттің меңгерушісі У.Исламова арнайы құттықтап, «Алар асуларыңыз бен шығар шыңдарыңыз биік болып, Республикалық, халықаралық деңгейдегі олимпиадаларға қатысып, әрі қарай еліміздің намысын қорғайтындай үлкен азаматтар мен азаматшалар бола беріңіздер» – деп жылы лебіздерін білдірді.
|