Электронды оқыту «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы
аясында атқарылған жұмыстар
Білім саласы бойынша
Мақтаарал ауданы бойынша қазіргі таңда 56 мектептің барлығы кеңжолақты интернет желісіне қосылған.
2020 жылы 56 мектептің барлығын 100 пайыз 8 Мб/с жылдамдықпен қосылған. Қазіргі таңда «Қазақтелеком» АҚ және «Транстелеком» ЖШС-мен біргелікте жұмыс атқарылуда.
Қашықтан оқытуды қамтамасыз ету мақсатында аудан бойынша бірнеше интернет платформалар қолданылуда. Мектептерде Kundelik.kz жүйесінде электронды журналына 56 мектеп түгел енген, 100% қамтылған. Бүгінгі күнгі мәліметпен, жүйені аудан бойынша 51123 пайдаланушы бар, олардың 4063 – мұғалім, 28130 – оқушы, 18930 – ата-ана. Бұл жүйеге енген мектептер электронды журналмен жұмыс жасауда.
Сонымен қатар «Online-mektep» интернет-платформасына 56 мектеп қосылған. Ондағы қолданушы оқушылардың саны-28020, мұғалімдердің саны-3571 құрайды.
Жалпы аудандағы білім мекемелерінде 6215 компьютерлермен және 51 мектепте -308 интерактивті тақталар бар. Соңғы 2 жылда 4095 компьютер жаңадан келген.
2020 жылдың қыркүйек айының есебі бойынша ауданымызда 1-11 сынып аралығында 28130 оқушы білім алуда. 1 компьютерге шаққанда 5 оқушыдан келеді.
«Bilimland» білім беру платформасына 2020 жылы аудандық бюджеттен 10 млн 260 мың теңге қаржы қаралған. Аудан бойынша осы жүйеге 56 жалпы орта мектеп қосылған. Осы уақытқа дейін «Bilimland» білім беру платформасын офлайн режимінде пайдалану үшін 60 «Bilimbook» таратылған.
Online-mektep платформасына 2020 жылы 9 млн 707 мың теңге қаралған. Пандемияға байланысты 2020 жылдың қыркүйек айынан бастап ауданымыздың 56 мектебінің оқушылары мен мұғалімдері қашықтан оқу үшін пайдалануда.
Аудан бойынша 9 мектеп (Мырзакент, Абылайхан, «Мақтарал», C.Рахымов, Абай, Жамбыл, О.Бапышев, «Үлгілі», Ғ.Мүсірепов ЖОМ) IT кабинетімен жабдықталып, қазіргі таңда жүйелі жұмыс жасауда.
Бұл сыныптарды ашудағы мақсат – балалардың қазіргі заманға сай білім алуына мүмкіндік жасау. Сондай-ақ, бұл сыныптар аудан орталығынан шалғай ауылдарда орналасқан елді мекендердегі жасөспірім балаларға ғылыми-техникалық білімді шынайы өмірде қалай қолданып, заманауи технологияны жетік білуге жол ашады.
ІТ-сыныптардың арқасында 8-16 жас аралығындағы 2000 бала бағдарламалау және робот техникасының негіздері жайында Еуропалық білім беру стандарты негізінде тереңдетілген білім алады. Бұл бастама мектептерге факультативті пән ретінде енгізіліп эллективті курс ретінде жүргізіледі.
Mektep.SitCen.kz – мектепке 1 сыныпқа балаларды қабылдауға өтініштерді 1 маусымнан бастап электронды қабылдау жұмыстары жүріп жатыр.
Мектептер және мектепке дейінгі білім беру ұйымдары педагогтарды жұмысқа қабылдау процесі жартылай автоматтандырылған. Jumys.Sitcen.kz порталына барлық мектептер мен мемлекеттік бала-бақшалар енгізіліп, логин және құпия сөздері берілген.
Бүгінгі таңда аталған порталға 56 мектептен 2019 жылы 67 вакансия жарияланған, өтініш білдірушілер саны 42. Жалпы осы уақытқа дейін jumys.Sitcen.kz-пен 36 адам жұмысқа қабылданған.
Аудан бойынша jumys.Sitcen.kz жүйесі жұмыс істейтін кабинетті жабдықтау мақсатында жергілікті бюджеттен 4,9 млн қаржы қаралып, мемлекеттік сатып алу порталына рәсімделді. Jumys.sitcen.kz кабинеті тек С.Рахымов атындағы №4 жалпы орта мектебінің базасында ашылып жұмыс істеуде.
Білім ұйымдарында 2020 жылы жабдықталған пән кабинеттері
26 физика (44%), 26 химия (44%), 18 биология (25,7%), 56 информатика (100%), мультимедия-лингафонды кабинеттер 20 (37,5%), Роботатехника кабинеті 6 (10,71%), география кабинеті 3 жұмыс жасауда.
|