Мемлекеттік қызметті «Электрондық үкімет» порталы
арқылы көрсету
Электрондық үкімет дегеніміз – бұл ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолданумен мемлекеттік органдар, халық және бизнестік іс-қимыл жүйесі болып табылатын уақытты тиімді пайдалануға, кезекті қысқартуға үйде отырып-ақ бір жола жұмысыңды бітіріп, кабинеттік стильді жойып, жемқорлыққа жол бермеуге арналған үлкен жоба. Бұл жоба елімізде тиімді жүзеге асып жатыр.
«Қазақстан Республикасының Электрондық Үкіметі» веп-порталы (бұдан әрі-ПОРТАЛ) мемлекеттік қызмет көрсету тұжырымдамасын іске асырудың тәжірибе жүзінде механизмі болып табылады.
Порталда экономика, білім, мәдениет, еңбек, денсаулық, спорт, туризм және адам өмірі қызметінің өзге де салалары бойынша бірнеше мәтіндік бөлімде 2000 астам ақпараттық қызмет көрсетіледі. Мысалы, «Білім» бөлімінен білім заңнамасы, елдегі алдыңғы қатарлы оқу орындары, Ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижелерін және қазақстандық ЖОО-ның Интернет-ресурстарына арналған пайдалы сілтемелерді, білім беру бағдарламаларын және мемлекеттік органдар туралы толық ақпарат таба аласыз. Алайда портал тек ақпараттық ресурс қана емес, оның пайдаланушыларына мемлекеттік органдардың әр түрлі электрондық қызметтері ұсынылады. Қазірдің өзінде ұзақ кезекте тұрып, уақытты босқа өткізбей-ақ мемлекеттік анықтамалар алуға болады – көп нәрсені өз компьютеріңіздің алдында отырып бітіруге болады. Бүгінгі күнге дейін «электрондық үкімет» порталында әділет, білім, ішкі істер, ауыл шаруашылығы, еңбек және әлеуметтік қорғау министрліктері, сонымен қатар Жоғарғы сот пен Салық комитеті 74 интерактивтік қызмет көрсетеді. Порталдағы электрондық қызметтерді пайдаланбас бұрын, жаңа пайдаланушы ретінде порталға тіркелу қажет: пайдаланушы келісімімен танысып, жеке сәйкестендіруші нөмірді (ЖСН) енгізіп және кілтсөзді ойлап табу қажет.«Электрондық үкімет» арқылы халыққа көрсетілетін электрондық қызметтердің тізімінде көптеген тармақтар кілттің суретімен белгіленген. Демек, бұл қызметті пайдалану үшін пайдаланушының электрондық цифрлық қолтаңбасы (ЭЦҚ) болуы тиіс. Тиынның суреті бар белгі бұл қызметке ҚР Салық кодексіне сәйкес мемлекеттік баж салығын төлеу қажет екенін білдіреді.
«Электрондық үкімет» порталында азаматтардың электрондық сұрауларына арналған арнайы бөлімдер бар. Портал қонақтары осы жүйені пайдалану арқылы мемлекеттік органдарға тікелей жүгіне алады және ғаламтор арқылы тәулiгiне 24 сағат, аптасына 7 күн мемлекеттiк органдармен өзара әрекеттесудi талап ететiн мәселелердi жедел түрде шеше алады.
Бұдан басқа, порталда орталық және жергiлiктi атқарушы органдармен көрсетiлетiн 200-ден астам әлеуметтiк маңызды қызметтер туралы ақпарат бар. Мұнда азаматтар түрлi құрылымдардың жұмысы, мемлекеттiк қызметтердi көрсету орындары мен тәсiлдерi туралы ақпарат ала алады, қызықтырған тақырып бойынша заңнамалық және нормативтi-құқықтық актiлермен таныса алады, сондай-ақ, түрлi бланктердiң, өтiнiштердiң, түбiртектердiң үлгiлерi мен нұсқаларын жүктей алады. Порталмен жұмыс жасауды бастау үшiн тiркеу рәсiмiнен өтуiңiздi сұраймыз.
«Электрондық үкiмет» порталында Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнiң (ҚР ҰКО) автоматтандырылған қызметi iске қосылған. Аталған электрондық қызметі Электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) арқылы онлайн режимiнде білім бөліміне қарасты білім саласына қатысты мемлекеттік көрсетілетін 23 қызметтер алуға мүмкiндiк бередi.
Электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) алу үшін бағдарламалық қамтамасыз етуді орнату және on-line режимінде өтінім беру қажет. Сіздің жабық кілтіңіз ЭЦҚ сыртқы құрылымға немесе файлдық жүйеге құрылатын болады. Өтінім сәтті берілгеннен кейін, тиісті құжаттар пакетін жинап, Сізге ҚР ҰКО Тіркеу Орталығына берілген өтінімді растау үшін жүгіну қажет. Жеке тұлғалар үшін біріншіден, өтінім нөмірі бар және өтініш берушінің қолы қойылған белгіленген үлгідегі өтініш; Екіншіден өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат – (жеке куәлігі, ҚР төлқұжаты, ықтияр хат, уақытша куәлігі) және оның көшірмесі қажет. Сосын үшінші тұлғаның мүддесі атынан әрекет еткен жағдайда нотариаттық куәландырылған белгіленген үлгідегі сенімхат болуы керек. Заңды тұлғалар үшін: 1. Өтінім нөмірі бар және өтініш берушінің қолы қойылған белгіленген үлгідегі өтініш; 2. Өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат – (жеке куәлігі, ҚР төлқұжаты, ықтияр хат, уақытша куәлігі) және оның көшірмесі; 3. Мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің (БСН көрсетілген) түпнұсқасы және оның нотариаттық куәландырылған көшірмесі; 4. Заңды тұлғаның атынан өтініш берушіге, тіркеу куәлігінің иесіне берілген белгіленген үлгідегі сенімхат. Заңды тұлғаның бірінші басшысы немесе оның міндетін атқарушы тұлға үшін сенімхаттың орнына жұмыс орнынан анықтама немесе заңды тұлғаның мөрімен куәландырылған бірінші басшының қызметіне немесе оның міндетін атқарушы тұлғаны тағайындау туралы бұйрықтың (шешімнің, хаттаманың) көшірмесі ұсынылады.
Сонымен қатар Мақтарал ауданы білім бөлімінің «maktaaral.bilimbolimi.kz» ресми интернет-ресурсында (веб-сайт) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде ЭЦҚ алу үшін арнайы бейнеролик орнатылған. Электронды Үкімет порталына Электрондық цифрлық қолтаңба арқылы тіркелген сәттен бастап сіздің жеке кабинетіңіз ашылады. Сұрау салған ақпараттарыңыз жеке кабинетіңізге түсіп отырады. ЭЦҚ бұл – сіздің жалпы интернет жүйесін еркін пайдалануға мүмкіндік беретін жеке кілтіңіз. Өзіңіздің жеке электрондық цифрлы қотаңбаңыз арқылы қолжетімді сайттарды ашып пайдалана аласыз. ЭЦҚ электронды үкіметтің порталы арқылы өзіңізге қажетті ақпараттарға қол жеткізуге, сонымен бірге бірқатар мемлекеттік қызметті алуға мүмкіндік береді.
Мақтарал ауданының білім бөлімінің
әлеуметтік-құқық секторының бас маманы
А.Кошкаров
|